Жаңалықтар

Әділдік пе? Винокуровтың айлығы 70 мың еуро (36 млн тг)!

Белгілі спорт қайраткері, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов Қазақстандағы бапкерлер мен басшыларға тағайындалған жалақы көлеміне қатысты сын айтты.
Осылайша, Дәулет Тұрлыханов "Astana Pro Team" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың өте көп жалақы алатынына шүйлікті, деп хабарлайды Экспресс К сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Бүгін елордада Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы өткен. Сол жиында ол спорт саласындағы біраз мәселені қозғады.
Токио және Бейжің Олимпиадаларында неге сәтсіз өнер көрсеттік? Құрметті бапкерлер біз сынықтан сылтау іздемейік. Спорт кешендері жоқ деп айтып жүрсіздер. Олай емес. Бізде бәрі жеткілікті. Дәл қазір Қазақстанға білікті бапкерлер қажет,
— деді Дәулет Тұрлыханов.
Сосын ол бапкерлердің жалақысы туралы айтты. Қарамағындағылар Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында екі алтын медаль алған бапкердің жалақысы мен "Astana Pro Team" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың айлығын салыстырды.
Бокстан құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың 9 баласы бар. Ол жыл бойы үйінде болмайды. Алатын жалақысы — 700 мың теңге. Велокоманда басшысы Александр Винокуровқа, қателеспесем, 70 мың еуро төленеді. Осы дұрыс па?
— деді Дәулет Тұрлыханов.