Жұғысты болсын! Алматы тұрғыны 14-ші баласын туды

Жұғысты болсын! Алматы тұрғыны 14-ші баласын туды

ашық дереккөзі

Жеті ұл, жеті қыз: Алматы тұрғыны 14-ші баласын дүниеге әкелді деп жазады "Халық үні" телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.  Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны 14-ші баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлаған. Көпбалалы ана сәбиін Алматы қалалық перинаталды орталықта босанды. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің бойы 55 см, салмағы 4 келіден астам. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты екен.

- Ұжым болып атсалысып, әйел он төртінші баласын аман-есен босанды. Салмағы 4 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, – деді қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жәмиля Исаева.
Өмірге жеті ұл мен жеті қыз әкелген көпбалалы ана тұңғышы да әке болуға дайын жүргенін айтты.

Жүктелуде...