Қазақстан орманымен айналысатын кәсіпорынға 75 жыл!

Қазақстан орманымен айналысатын кәсіпорынға 75 жыл!

ашық дереккөзі

Биыл «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына 75 жыл толды деп жазады ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 
«Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» 1947 жылы құрылған болатын. Кеңестік дәуірден бастап, ел еңсесін тіктеп тәуесіздігін алғаннан бері де орман қорын молайту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.
Қазақ орман орналастыру кәсіпорны орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттырып, орман шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты сонымен қатар орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды жүзеге асырады.
Бүгінгі күнде кәсіпорын өндіріске ГАЖ-технологиясын толық енгізген. Бұл технология далалық жағдайда, сондай-ақ материалдарды камералдық өңдеу кезінде де пайдаланылып, орман орналастыруды жүргізуде жұмсалатын уақытты да, қаржыны да қысқартуға мүмкіндік береді.
Тағы бір жоба MapInfo программасында орындалған электрондық орман карталары басқа дерек көздерге жүгінбей, ақпаратты тікелей картадан алуға, жинақтап және жер санаттары, жобаланатын шаралар бойынша топтауға, масштабта ауданын есептеуге, орындалған шаралардың көлемін қадағалауға, өрт, апатты жағдайларда шаралар жүргізу кезінде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
2008 жылдан бастап ГАЖ-технологияларын пайдаланып, жалпы ауданы 26 млн. 205,7 мың га, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстары орман мекемелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орман орналастыру жұмыстары жүргізілген.
 width=
Орман шаруашылығы жүйесіне үздіксіз орман орналастыруды енгізу және орман шаруашылығы мекемелеріне бағдарлама модулін тарату мақсатында кәсіпорын Soli-N бағдарламасын әзірледі. «Soli-N» бағдарламасы кешенін енгізу орман орналастыру жобаларын құрастыру бойынша өндірістік процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс бойынша ҚР орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу мониторингі бойынша интерактивті карта қызметін дайындады.
Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізуді автоматтандыру мақсатында «ҚР орман қоры» бағдарламалық кешенін әзірлеп, енгізді. Қосымша 8 орман шаруашылығы және орман кадастрын автоматтандыру әзірленді.

Жүктелуде...