Жаңалықтар

Халықаралық түркі академиясының президенті түркі мемлекеттер ұйымының бас хатшысымен кездесті

14 ақпанда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі мемлекеттер ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.

Нұр-Cұлтан қаласындағы іс-сапары аясында ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Әміреев Академияның жаңа ғимаратына арнайы келіп, Түркі музейі мен кітапханасын аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу барысында тараптар Түркі әлемінің өзекті мәселелері мен қанаттас ұйымдардың күн тәртібінде тұрған маңызды жұмыстарды талқылап, алдағы іс-шаралар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, Академия басшысы Д. Қыдырәлі Бас хатшы Бағдат Әміреевті Қазақстанның "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты атанғанымен құттықтады. Өз кезегінде Бас хатшы Бағдат Әміреев Халықаралық Түркі академиясының  жаңа ғимаратымен құттықтап, ұйымның түркі әлемінің ғылыми интеграциясы бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, алдағы жұмысына да сәттілік тіледі. Жиын соңында Д. Қыдырәлі мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, Академияның бағалы басылымдарын тарту етті. Кездесуге сондай-ақ, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер МинистрілігініңТаяу, Орта Шығыс және Африка департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Мерей Мұқажан қатысты.