Бейжіңнен сүйінші хабар: ақша бар, алтын жоқ!

Бейжіңнен сүйінші хабар: ақша бар, алтын жоқ!

ашық дереккөзі

Бейжіңнен сүйінші хабар. Қазақстан бірінші орынға шықты. Яғни, қысқы ойындар жүлдегерлеріне тағайындаған сыйақы мөлшері бойынша Қазақстан топ бастап тұр деп жазды белгілі спорт журналис Аслан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында.  Оның жазуынша:

Бізде ғана алтын алған спортшыға 250 мың, ал, күміс пен қолаға, сәйкесінше, 150 және 75 мың доллардан береді. Тіпті, 4-ші, 5-ші және 6-шы сатыға тұрақтағандарға да сыйақы қарастырылған. Мәселен, шорт-трек шеберлері аралас эстафетатада 5-ші орын алған ед. Соған сәйкес, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан 10 мың доллардан алады. Жалпы тізімде Қазақстаннан кейін Әзірбайжан тұр. Онда чемпионға 248 мың доллар беріледі. Көрші Ресейдегі көрсеткіш 61, АҚШ-та 37, Германияда 22, Канадада 16 мың долларды құрайды.

Сіз не айтасыз, құрметті оқырман? Шетелдерде қыдыратын, бірақ Олимпиада кезінде медаль әкелетін спортшыларымызды көргенде біртүрлі сезімде болмайсыз ба?

Жүктелуде...