Жириновскидің жағдайы қиын деп жатыр

Жириновскидің жағдайы қиын деп жатыр

ашық дереккөзі

Ресейлік саясаткер, либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. 75 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр көрінеді.  Бұл туралы  «Замана»–ақпаратқа сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Жириновский жетекшілік ететін Либералдық-демократиялық партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткердің ауруханаға түскеніне екі күн болған.

Кейбір ақпарат көздері оның өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын жазып жатыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
ЛДПР көшбасшысы сегіз рет вакцина алғаны да айтылады. РФ Ғылым академиясының академигі, вирусолог Виталий Зверевтің пайымынша, саясаткер иммунитетін құртып алған.
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

Жүктелуде...