Олимпиадаға келгенде к*тіміз ашылады: спорт журналисінің жанайқайын кім тыңдайды?

Олимпиадаға келгенде к*тіміз ашылады: спорт журналисінің жанайқайын кім тыңдайды?

ашық дереккөзі

Бейжің олимпиадасы кезекті рет отандық спорттағы біраз былықтың бетін ашты. Қысқы ойындар енді-енді басталып жатыр. Бірақ, уже полный провал болатынын нық сеніммен айта аламыз – деп жазды белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында.

Басы-қасында жүргесін жауапты мамандармен сөйлесіп, көкейдегі сұрақтарды қоямыз. Көбіне олар ғылыми тұрғыда (күрделі тілмен) түсіндіріп, «алдыңғы ондыққа кіргеніміздің өзі жетістік қой» деген  аргуметтерін алға тартады.
Ал, халық оған қанағаттанып отырған жоқ. Халыққа медаль керек. Әсіресе, осындай күрделі кезеңде спортшыларымыз жеңіске жетіп, елді бір серпілтіп тастаса дейсің. Тіпті, солай жасауға міндетті де. Өйткені, осы спортшылардың дайындығына деп қыруар қаржы жұмсалады.
Менің білуімше, оларды күтіп-баптауға жылына 14 млрд тг қарастырылады. Бұған қоса, Бейжің олимпиадасына дайындыққа деп қосымша 2,9 млрд бөлінді. Бірақ, қайда жұмсалғанын білмейміз. Есебін ешкім берген жоқ. Бермейді де. Білетініміз, ол – мемлекеттің ақшасы. Ел қазынасы. Халықтың салығы. Жанашырлық танытып, ешкім қалтасынан шығармайды. Сондықтан, елдің талап етуге қақы бар.
Әлгі фристайл-могул, фристайл-акробатика, шаңғы мен биатлон дегендерің үнемі шетелде жүреді. Сонда жаттығады. Сонда өмір сүреді. Тіпті, шорт-трек шеберлерінің өзі (типа бізде мұз сарайлары көп қой) өткен жылы 4-5 ай Уфада жүрді. Вообщым, қай-қайсы да мемлекеттің мойнында отыр. Бірақ, оның қайтарымы жоқ. Қабілет те, шеберлік те жетіспейді. Кішкене намысты қосса, нәтиже болуы мүмкін. Бірақ, әзірге дым жоқ. Өкінішітісі сол, осылай ағыл-тегіл шашылып жатқанда елде олардың ізбасарлары да жоқ. Резерв тапшылығын жауапты мамандар мойындайды. Жүйе шіріп жатыр деген сөз ғой. Керемет отчеттар естиміз.
Бірақ,  олимпиадаға келгенде көтіміз ашылады. Токиода масқара болдық. Қазір ұмыттық. Бейжің де өтеді. Оны да ұмытамыз. Жауаптылар сытылып кетеді. Миллиардттар ауаға ұшады. Эххх, қайсібірін айтайын қайсібірін...

Жүктелуде...