Қытайда коронавирус қайта өршіді
Қытайдың Сиань қаласында (Шэньси провинциясы) кеше коронавирус жұқтырудың 158 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.
ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметінше, 158 деректің 155-і жаңа болып саналады. Тұрғындар вирусты шетелде емес, елде жұқтырған. "Қалада қатаң карантин шектеуінің енгізілгеніне қарамастан коронивирус жұқтыру дерегі өсіп жатыр.
Бейсенбіде – 49 дерек, Жұмада – 75 дерек", – деп жазылған хабарламада. Қытай билігі Сианьда коронавирустың таралуын болдырмау үшін ішкі рейстерді тоқтатқан, пойыздар мен қалааралық көліктердің жүруіне шектеу қойған. Тұрғындар шұғыл жағдай болмаса, үйден шықпауы керек. Азық-түлік пен қажет тауарларды сатып алу үшін отбасының бір мүшесі ғана дүкенге бара алады. Тұрғындарға екі күнде бір рет дүкенге баруға рұқсат берілген.
Қытай билігі 2022 жылғы 4-20 ақпанына жоспарланған Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жақындауына байланысты COVID-19 вирусының таралуына алаңдап отыр.ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті таратқан хабарламада Сианда коронавирустың қандай штамы таралып жатқаны жазылмаған. Бүгінде Қытайда омикрон штамын жұқтырудың 7 дерегі тіркелген: 4 дерек – Гуанчжоу қаласында (Гуандун провинциясы), 2-еуі – Чанша қаласында (Хунань провинциясы), 1 дерек – Тяньцзинь қаласында. Тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссия Сианьда коронивирустың алдын алу және бақылау саласында дұрыс жұмыс істей алмағаны үшін 26 шенеуніктің жауапқа тартылғанын хабарлады.