Жұғысты болсын! 16 желтоқсан күні Түркістанда 200 сәби дүниеге келген
Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, -деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Айта кетейік, мереке күні кезекші ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.
16 желтоқсанда Түркістан облысында 173 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 85 ұл бала болса, 88-і — қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Ал, Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген. Олардың 17-сі ұл, 19-ы қыз. Жас аналарға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.