Жаңалықтар

Украина мен Қазақстан ұқсастығын көріп отырмын: тіл туралы бастама ресейлік депутаттардың шамына тиді ме?

Елімізде 9 желтоқсан күні Мәжіліс депутаттары визуалды ақпарат бойынша заңнамалық актілерге өзгеріс енгізіпті.

Жаңа ереже бойынша еліміздегі сыртқы жарнамалар мен түрлі көрнекі ақпараттарда тек қазақ тілін пайдалану керек. Өзге тілдер қажеттілік бойынша екен. Бұл турады ZTB | QAZAQSTAN телеграм арнасы жазады. Еліміздегі бұл жаңалық Ресейді тағы да дүр сілкіндіргендей. Мемдеуманың ТМД елдері бойынша комитет Төрағасының І орынбасары Константин Затулин «Газета.Ru» басылымына Ресей парламенті жуық арада бұл мәселені талқылайтынын айтқан.

«Шындығында бұл шешім орыс тілінің қолданыс аясын азайтады. Біз бұның неге әкеліп соғатынын және қатынастарға да әсер ететінін білеміз. Бәлкім келесі аптада біздің комитетте талқылармыз» - деген К.Затулин аталмыш басылымға берген сұхбатында.

Оның сөзінше Ресейде «бұл шешімді қолдай алмайды». Алайда, саясаткердің сөзінше Мәскеудің қандай реакция танытатыны ашық сұрақ көрінеді.

«Қисынды шешім қабылдап, қарым-қатынасты бұзбауымыз керек» - деген Затулин дегенмен де белгілі бір позицияда тұруымыз керек депті.

Мемдуманың ТМД, еуразиялық интеграциялар және отандастармен байланыс жөніндегі Комитетінің орынбасары Александр Бородой орыс тіліндегі сыртқы жарнамалардан бас тарту туралы Қазақстанның бұл бастамасынан кейін «Украина мен Қазақстан ұқсастығын көріп отырмын» - деген. «Бұрынғы республикаларымызға шынайы одақтас ретінде қараймыз. Бірақ уақыт келе бұлай болмай шығады» - деп айтқан Александр Бородай Донецк Халық Республикасының министрлер кеңесінің Төрағасы болған.