Елордада белсенді жастар үшін хакатон ұйымдастырылды

Елордада белсенді жастар үшін хакатон ұйымдастырылды

ашық дереккөзі

Осыған дейін мұндай іс-шараға 300-ден аса студент қатысқан. Нұр-Сұлтанда "3.2.1. Старт!" жобасы аясында белсенді жастар үшін хакатон ұйымдастырылды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Бұған "Жасыл экономика үшін" коалициясының бас менеджері Асыл Оқапова, танымал әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров, коуч, жаттықтырушы Гүлзи Нәби, студенттер және тағы басқалары қатысты. Іс-шараның мақсаты - әлеуметтік кәсіпкерлікті жастар арасында насихаттау және дамыту.
Үздік идея авторлары арнайы гранттарға ие болады. Биыл конкурстың жалпы жүлде қоры - 5 млн теңге. Хакатонды CCI Қазақстан, G-Global жасыл экономиканы қолдау коалициясы ұйымдастырды.  width= Айта кетейік, биыл 1 қазанда жас кәсіпкерлер мен жастар арасында әлеуметтік жоба авторларының әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталған "3.2.1. Старт!" жобасына өтінімдерді қабылдау басталған. Қатысушылар оқытудың инкубациялық бағдарламасынан өтеді. Кейін үздік идея авторлары өз бастамаларын іске асыруға грант алу мүмкіндігіне ие болады. Өтінімдерді жинау кезеңі 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін жүргізіледі. Өтінімді www.321start.kz сайтында және @321_start Instagram парақшасына жіберуге болады.

Жүктелуде...