Шымкентте полиция ғимаратында адам өлді

Шымкентте полиция ғимаратында адам өлді

ашық дереккөзі

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында күдікті ретінде ұсталған азамат қайтыс болды. «08.12.2021 жылы шамамен сағат 17:00-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында қала аумағында бірнеше қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде жеткізілген 1990 ж.т. азамат жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан. ​Оған сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылған. Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында азаматтың мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеген. ​Осы факті бойынша Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды. ​Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижесі қосымша хабарланады», – деп жазады Шымкент қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметі. Тепсе темір үзетін жастағы азаматтың табан астында көз жұмуына не себеп болды екен деп жазады  «Замана»-ақпарат.

Жүктелуде...