Қарағандыда білім беру жүйесінде ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Қарағандыда білім беру жүйесінде ғылыми-практикалық конференциясы өтті

ашық дереккөзі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келген ұлы ағартушы, ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсариннің мерейтойы облысымызда түрлі игі шаралармен атап өтілуде. Бүгін, 26 қазанда, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.  width= Шара аясында Қарағанды қаласының білім беру ұйымдары мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептердің альянсын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, 25 қазаннан бастап білім беру ұйымдарында ұстаз өмірі мен қызметіне арналған «Кел, балалар, оқылық!» апталығы басталды. Бүгінгі күні облыста 7 мектепке Ыбырай Алтынсарин есімі берілген, осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Жүктелуде...