Шара Жиенқұлова туралы 7 дерек

Шара Жиенқұлова туралы 7 дерек

ашық дереккөзі

Биыл қазақтың ұлы бишісі, педагог Шара Жиенқұованың өмірден озғанына 30 жыл. Осы датаға орай, newsroom.kz порталы қазақ би өнерінің ханшайымы туралы жарияланған 7 деректі назарларыңызға ұсынады.  1) Шара Жиенқұлова - қазақ бишісі. Ол 1912 жылы 18 шілдеде Алматыда дүниеге келген. 1991 жылы 21 мамырда қайтыс болды. 2) Баймолда Жиенқұловтың отбасында он төртінші бала болып туылды. Шын есімі - Гүлшара. Арғын руының ішіндегі қарақесек. 3) Дінмұхамед Қонаевпен бір сыныпта оқыған.
4) Шара Жиенқұлова М. Әуезовтің «Айман - Шолпан» музыкалық драмасында, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және «Ер Тарғын» операларында халық билерін орындады. Жиенқұлова қазақтың ұлттық «Қалқаман - Мамыр» балетіндегі «Мамыр» партиясын биледі. 5) 1966 жылы Болат Аюхановпен бірге қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек» атты балетін қойды. 6) Шара Жиенқұлова қазақ биінің элементтерін табу үшін республика бойынша көп саяхат жасады. Нәтижесінде бұл туындыда «Айжан қыз», «Тәттімбет», «Қырық қыз» және тағы басқа билер пайда болды. 7) Жиенқұлованың күйеуі опера әншісі Құрманбек Жандарбеков болған. Оларда Болат Жандарбеков есімді атақты жазушы туылған. Болат Жандарбеков «Сақи» (Томирис / «Ширак ерлігі») тарихи диологиясының авторы.   Манарбек Қарекенов.  

Жүктелуде...