Mажар ұлттық киіміндегі көшпенділер ізі

Mажар ұлттық киіміндегі көшпенділер ізі

ашық дереккөзі

Ұлттық киім – кез-келген халықтың сан ғасырлық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Әсіресе көшпенді халықтардың киім үлгісі арқылы сол халықтың тарихын, дүниетанымын, тіптіадамның жасы мен қоғамдағы орнын, мәртебесін анықтауға болады. Ендеше, көшпенділер әлемінде орны ерекше мажар халқының ұлттық киіміне толығырақ тоқталайық дейді Будапешттегі "Мажар - Тұран" Қорының баспасөз қызметінде жұмыс істейтін отандасымыз әрі танымал журналист Жанар Мақсұтқызы осы мақалада. Дәстүрлі мажар киімі көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа-райына бейімделген. Киім үлгілеріне климаттық жағдай, көрші халықтармен мәдени, шаруашылық байланыс та үлкен әсер еткені сөзсіз. Мажарлардың 10-11 ғасырлардағы ұлттық киіміне назар салсақ, органикалық матадан, мақта, киіз, жүн мен теріден тігілген жылы киім түрі басым екенін байқауға болады. Оның барлығы ғалымдардың зерттеулері мен этнографиялық музейлерде, көркем өнерде, археологиялық жұмыстар нәтижесіндегі еңбектерде көрініс тапқан.

Бас киім

Кез-келген көшпенді халық сынды мажарлар үшін бас киімнің орны ерекше. Мәселен, қазақ халқы бас киімді жерге тастаса, «бақ таяды, бас кемиді» деп ырымдаса, мажар мәдениетінде бас киім баршылықты білдірген. Қазақ халқы ертеден бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге, басып отыруға тыйым салып, төріне ілсе, мажарлар үшін бас киімнің символдық мәні болған. Тайпа көсемінің басына бірінші бас киімін кигізу – оған деген ерекше сый-құрметтің белгісі есептелген. Жалпы араб саяхатшылары мен византиялық гректер орта ғасырлардағы мажарларды «түріктер, ең болмағанда, түркіге қатысы бар халықтар», –  деп жазған. Мұның сыры неде екенін қайдам, бірақ олар мажар халқының дархан даланы ат тұяғымен бағындырған көшпенді халық екенін дәл тауып айтса керек. Өйткені көшпенділер рухы – мажарлардың киім үлгісінде де көрініс тапқанын анық байқауға болады. Andrási Rékaөзінің «Жаулап алушылар дәуіріндегі киім үлгілерін реконструкциялаудағы тың деректер» («Újabb adatok a honfoglalás kori viselet rekonstrukciójához») атты еңбегінде мажарлардың ер адамға арналған бас киімін былайша сипаттайды: «Көбіне бас киім қандай да бір органикалық материалдан жасалған қалпақ немесе бөрік болуы мүмкін. Оған міндетті түрде құлаққап тігіледі. Суықтан қорғанудың қажеті болмаған жағдайда, құлаққапты жоғары қайырып, түймемен бекітіп қоюға болады. Кейде әйел адамдардың бас киімінің алдыңғыжағында жұқа «пердеше» болуы мүмкін. Ол әйелдердің, балалардың беттерін шаңнан қорғауға арналған. Бірақ бұл – тек болжам ғана», – дейді ғалым. Мажар әйелдері басына орамал мен вуаль таққан. Араб саяхатшыларының өз жазбаларында «түркі халықтарының (соның ішінде мажарлардың да) тұрмысқа шыққан әйелдері үнемі басын толық жауып жүргенін» жазады. [caption id="attachment_61542" align="aligncenter" width="247"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] Мажарлар түсінігінде, бұл – ер азаматтың әйеліне қорған болуын, басына жаулық жауып, бұдан бұлай қыздың «басы бос еместігін» білдірген. Қазақ ұғымында да орамал – адалдықтың белгісі, балалықтан өтіп, бойжеткеннің жаңа өмірінің бастауы есептелгені баршаға аян. Мажарлардың ер адамдарға арналған бас киім үлгілері Еуразия аймағында кең таралған, көшпенділерге тән дәстүрлі құлақшындар болуы мүмкін. Олардың төбесі сәл ғана шошайып келген, аң терісінен тігілген.                    «10-ғасыр көшпенділері киген бас киімдердің пішіні туралы нақты деректер аз. Табылған заттар мен бейнелеулерге сүйене отырып, олардың түрлі этникалық топтарға тәуелсіз, жалпылама формалары болғанын көруге болады», – деп жазады түркі халықтары Құрылтайының (kurultaj.hu) ресми сайты. Осыдан-ақ қазақ-мажар халықтарының ұлттық киімдеріндегі ортақ ерекшеліктерін, екі ұлттың да киім үлгісі көшпелі өмір салтына бейімделе тігілгенін байқауға болады. Тағы бір айта кетерлігі,  сақ дәуірінен бастап ер адамдар да бұрым өргені белгілі. Дәстүрді сақтаушы мажарлардың арасында осы тұлым мен бұрымға деген құрмет әлі күнге дейін сақталған. Түбі бір түркі халықтарының басын қосатын үлкен Құрылтай мен көшпенділердің спорт түрлеріне арналған шараларда бұрынғы батырлардың бейнесін кездестіруге әбден болады.

Жейде, шалбар, шапан

Әйелдердің жейделері алты [caption id="attachment_61543" align="aligncenter" width="132"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] н немесе күміс жалатылған оюмен безендірілген, ал ерлердікі әшекейсіз келген. Қарапайым халықтың жейдесі қоладан жасалған материалмен өрнектелген. Жейде көбіне камзол, шапан сынды сыртқы киімдердің ішінен киілген. [caption id="attachment_61544" align="aligncenter" width="177"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] Сонымен қатар ерлер де, әйелдер де күнделікті тұрмысқа арналған, қарапайым пішілген, еш әшекейсіз, кестеленген жейделер киген. Олардың мойнында манжеттері бар, ұзындығы жамбасқа немесе тізеге дейін, көбіне түрлі-түсті матадан тігілген. Шамамен тізеге дейін келетін, зығырдан жасалған іш киім, ұзын, тоқыма шұлықтар киген. Көшпендiлер атқа отыруға қолайлы болу үшiн ойлап тапқан кең шалбар мен шапанды адамзат өркениетiне қосқаны баршаға аян. Ерлермен қатар ат тізгіндеген мажар әйелдері де көбіне шалбар киіп, оның сыртынан ұзын жейде не шапан жамылған. Себебі шалбар атқа мінуге, салт аттылардың ұзақ сапарына арнайы оңтайландырылып пішілген киім екені анық. 10-ғасырдағы мажарлардың сыртқы киімінің жалпы атауы – кафтан (қазақша атауы – шапан). Бұл – тізеге дейін немесе тізеден төмен түскен, ұзын жеңді, қалың матадан тігілген сырқы киім. Атқа мінуге ыңғайлы болуы үшін артқы жағынан немесе бүйірінен кесілген. Бұл киім үлгісі ерлер мен әйелдер үшін ортақ есептелген. Алтын жалатылған күміспен, сирек жағдайда таза алтынмен безендірілген. Шапандар тайаға, адамның әлеуметтік жағдайына қатысты бірнеше түрге бөлінген. Сондай-ақ кию тәсілі, ұзындығы, қай жаққа қарай қаусырылуы, түймеленуіне қарай түрлері де көп болған.

Киім түстері

 Көшпелі мажарлар түрлі түсті, ашық реңкті киім кигенді ұнатқандығын ғалымдардың зерттеулері мен саяхатшылардың жазбалары дәлелдейді. Олар әшекейлер мен қымбат матадан тігілген киімдерді жоғары бағалаған. Киімнің түсі әсемдікке құштарлықтың ғана емес, адамның әлеуметтік жағдайының да белгісі саналған. «Жаулап алу дәуірінде көп түймелі костюмдер түрлі-түсті бояғышпен боялды. Жиделер мен шапандар ортасынан, оңға қарай немесе солға, кейде қиғашынан жабылған», – дейді Andrási Réka «Жаулап алушылар дәуіріндегі киімүлгілерін реконструкциялаудағы тың деректер» («Újabb adatok a honfoglalás kori viselet rekonstrukciójához») еңбегінде. [caption id="attachment_61545" align="aligncenter" width="203"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] Көшпелілер жүнді, мақта мен қарасораны мата жасау үшін қолданған.  Сонымен қатар мажарлардың киім тігуде былғарыны қолданғаны туралы деректер жетерлік. Әрине, көшпелілерге қол жетімді жүн мен сүйекті қарапайым халық әшекей ретіндежиі қолданған. Ал дәулеттілер жібек, зығыр матадан киім киіп, оны алтын және күміспен өрнектеген.

Аяқ киім

Мажар ерлерінің аяқ киімі қонышы ұзын, табаны жұмсақтығымен  ерекшеленген. Әйелдер де тура осындай етік киген, айырмашылығы – тек безендірілуінде. «Біздің ата-бабаларымыздың ортақ пішінді (әйелдер мен еркектер үшін) етіктері болды.  Әйелдердікі – өрнекпен безендірілуі мүмкін. Ол кезеңде мажар былғары бұйымдары Еуропада жоғары сұраныста болатын. [caption id="attachment_61546" align="aligncenter" width="187"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] Етік тігу үшін олар теріні бірнеше әдіспен бояған», – делінген Құрылтай қатысушыларына арналған ресми сайтта (kurultaj.hu). [caption id="attachment_61547" align="aligncenter" width="313"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] 10-ғасырдағы мажар жауынгерлері қоңыр-қызыл, күрең түсті етік кисе, қара халық – қолөнершілер, балықшылар мен шаруалардың көп бөлігі – қарапайым әрі арзан аяқ киім киген. Аяқ киімнің ішінен киізден жасалған ұлтарақ немесе киізден басылған байпақ киілген.

Белдік

Қазақ халқы сынды мажарлардың да өмір сүру салты көшпенділікке негізделіп, жаңа жерлерге қоныстану үшін жылқымен, әскери жорықтармен байланысты болғанын материалдық мәдениет ескерткіштерінен көреміз. Халықтың тұрмыстық жағдайы киген киімі, киімнің кейбір бөлшектері, ат әбзелдері арқылы анықталған. Соның ішінде киімнің аса маңызды бөлшегі – белбеуге аса мән берілген.  Ерлер белдігіне торсық немесе кесе, бәкісі мен қару-жарағын (қылыш, садақ) іліп жүрген. Белдік қола, күміс немесе алтын жалатылған материалдармен безендірілген. Жалпы археологтар белбеулер белгілі бір этно-әлеуметтік топтың мәдени-саяси бейнесін береді деп есептейді. [caption id="attachment_61548" align="aligncenter" width="216"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] Қорыта келгенде, киім ерте ғасырлардан бері адамзаттың өмір сүруіне қажетті құрал ғана емес, халықтың болмысы мен дүниетанымы, этникалық ортасы туралы мәлімет беретін ұлттық белгі деп қарастырғанымыз жөн. [caption id="attachment_61549" align="aligncenter" width="463"] width= Фото: kurultaj.hu[/caption] Батыс пен шығысты жалғап жатқан ұлы дала көшпенділерінің өкілі есептелетін мажар халқы бүгінде тарихын қайта түгендеп, түркілік өрке­ниетке ынтымақтасуда. Мажарстанда өтетін түркі халықтарының үлкен Кұрылтайында келген қонақтар мен қатысушылар, мүмкіндігінше, орта ғасырлардағы мажар ұлттық киімдерін киіп, қару-жарақ, құрал-сайман, әшекейлерін көпшілікке таныстыруға тырысады.  

Жанар МАҚСҰТҚЫЗЫ, 

"Мажар - Тұран" Қорының баспасөз қызметінің өкілі

Будапешт, Мажарстан

 

Жүктелуде...