Жаңалықтар

Путин шок болды: Елбасы отставкаға кеткені туралы

Басқа ешбір елдің президенттері Н.Ә.Назарбаевтың орнынан кететіні туралы білмеген. Бұл туралы sputnik.kz басылымы жазады деп хабарлайды newsroom.kz порталы. «Мұндай ақпараттарды ешкімге айтуға болмайды. Мен ешкімге тіс жармадым. Сол күні таңда ғана Путинге звондап айттым. Ол шок алып қалды. Ең үлкен көршіміз ғой, қанша дегенмен. «Бүгін кешке хабарлама шығады. Өз аузымнан естісеңіз деп шештім» - деп айттым. Болды. Басқа ешбір мемлекет басшылары бұл туралы білмеді» - деді Елбасы «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде. Елбасы сөзінше отставкаға кету туралы ой оған 2015 жылы келген.