Жаңалықтар

Бәрекелді! Қазақстан Елшісі Кипрда жыл дипломаты деп мойындалды

Кипр Республикасы Президентінің сарайында елдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидестің қолдауымен Сауда-өнеркәсіп палатасының «Жыл дипломаты» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті деп жазады newsroom.kz порталы ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Сауда-өнеркәсіп палатасының атқарушы комитетінің шешімі бойынша және дипломатиялық корпус арасындағы дауыс беру нәтижесінде жүлдеге Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Франция Елшісі Салина Гренет Каталано ие болды.

Дипломаттарға жүлделерді табыстай отырып, Министр Н. Христодулидес коронавирус пандемиясы жағдайында елшілердің экономикалық дипломатияны дамытуға қосып жүрген үлесінің маңыздылығын атап өтті. [caption id="attachment_61459" align="alignnone" width="1083"] width= Фото: gov.kz[/caption] Іскерлік қауымдастық пен Кипр министрліктерінің өкілдері алдында сөйлеген сөзінде қазақстандық дипломат осы марапаттау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы, атап айтқанда, Еуропалық одақпен қарым-қатынас құрудағы белсенді рөлін тану болып табылатынын атап өткен.

Қазақстанның Кипр Республикасы мен Израиль Мемлекетіндегі қоса атқарушы Елшісі С. Бұршақов рәсімге қатысушылардың алдында елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар жөнінде, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына қатысты баяндама жасаған.