Жаңалықтар

«Айына млн теңге»: Әлем астаналарында бір бөлме жалдау қанша? (инфографика)

Қазір, пәтер жалдау мәселесі қоғамда өткір тұрған мәселенің бірі. Бұл біздің елде ғана емес, жалпы әлемде орын алып отыратын үрдіс. Алайда, жалпы менталитетке байланысты бұл құндылық өзгеріп отырады деп жазады pornmap басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Мысалы, Азия елдерінде пәтерді сатып алу, пәтерлі болу аса маңызды. Ал Еуропада мұндай түсінікке тәуелділік жоқ. Ол жақта өмір бойы пәтер жалдап өту  - соншалық жан түшігерлік түсінік емес. Еліміздің бас қаласында бір бөлмелі үй жалдау әр түрлі есепте 70 мың мен 150 мыңның арасында шақталады. Бұл әлбетте теңгеге шаққанда. Ал Әлем астаналарында бұл көрсеткіш қандай? [caption id="attachment_61452" align="aligncenter" width="1280"] width= Инфографика: @pornmap[/caption] Әлем астаналарының орталығындағы бір бөлмелі пәтерді айлық жалдаудың орташа құны төмендегідей:

  1. Лондон, Ұлыбритания – $2310 (986 370 теңге)
  2. Дублин, Ирландия – $1952 (833 535 теңге)
  3. Люксембург – $1819 (776 мың теңге)
  4. Амстердам, Нидерланды – $1816( 775 мың теңге)
  5. Копенгаген, Дания – $1664( 710 мың теңге)
  6. Сараево, Босния және Герцеговина – 296 доллар
  7. Скопье, Македония – 285 Доллар
  8. Анкара, Түркия – $231

Ал, Сіз тұратын қаладағы бір бөлмелі пәтерді жалдау қанша тұрады?