Арыста жаңа медициналық орталық ашылады

Арыста жаңа медициналық орталық ашылады

ашық дереккөзі

Түркістан облысындағы ауыл тұрғындары енді емделу үшін орталыққа қатынап әлек болмайды. Арыс қаласына қарасты Саналы елдімекенінде замануи аурухана бой көтереді. Медициналық орталық науқастардың қалтасын қақпайды екен. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар медициналық сақтандыру қорындағы қаражаты арқылы ем-дом қабылдай алатын көрінеді. Емдеу мекемесі ел игілігіне қашан беріледі? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Арыс қаласы, Саналы ауылының тұрғындары компьютерлік томографияға түсу үшін осы уақытқа дейін Түркістан немесе Шымкент қаласына баруға мәжбүр болатын. Себебі, жақын маңда  мұндай құрылғы жоқ. Енді бірер жылдың көлемінде қараша халық «басы ауырып, балтыры сыздайтын» болса алысқа сандалудың қажеті болмайды. Яғни, Арыста көпсалалы клиника мен оңалту орталығының іргетасы қаланды. Мемлекет басшысының жолдауында медицина саласына жеке инвесторларды тартып, озық технологиямен зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алу керектігі баса айтылған болатын. Осы мақсатта, Арыс қаласының әкімдігі жеке кәсіпкерге жер телінмін тегін беріп, жұмысын жалғастыруға барынша қолдау көрестуге дайын екендіктерін айтып ағынан жарылды. ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «Бұған дейін емхана, аурухана болмаған. Бәрі ауылдық округке Дейрменеге немесе Арыс қаласына барып емделіп келген. Ал, бұл жерде бірінші рет емхана саланып жатыр. Одан бөлек оңалту орталығы және медбикелерді оқытамыз деп жатыр бұл жігіт. Одан бөлек, он үй жастар отбасына үй салып береміз деп жатыр». Жалпы, медициналық орталық құрал-жабдықтарымен қоса есептегенде жарты млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. ӘЛІШЕР ЕСМАҒАМБЕТОВ, ИНВЕСТОР: «Инвестор болған өз пайдасыз ойлайды? Сізге не пайда береді? Мемлекеттік госзаказ ғой. МӘМС арқылы тегін халыққа тегін ол нәрсені үкімет мына МӘМС системасы одан кейін ГОБМП деген бар Сол бойынша да әрбір көрсетлетін қызметке өізнің қаржыландыруы бар мемлекеттен». 4 000 мың шаршы метр аумақты құрайтын  емдеу мекемесінде алғашқы медициналық көмек пен күндізгі және тәуліктік стационар, оңалту орталығы, институт пен колледж студенттері үшін медициналық база орналасады. Сондай-ақ, түйе сүтімен емдеу ісі де жүзеге асырылады.   https://www.youtube.com/watch?v=ScdnCrNEBQ8  

Жүктелуде...