«Pfizer» кімге бұйырады?

«Pfizer» кімге бұйырады?

ашық дереккөзі

Pfizer бәріне бұйырады! Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі бүгін мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді. Тағы қандай өзекті мәселелер талқыланды? Елдегі эпидахуал қандай? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына көрсетілді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. ГҮЛНӘЗИЯ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бүгін мәжілістегі Үкімет сағатында елдегі эпидахуалға байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Ең маңыздсына тоқталсақ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жағымды жаңалықтармен бөлісті. Оның сөзінше, Қазақстан короанвирустың төрт толқыны өтті, және де жұқпалы  індеттің беті қайтып, ахуал тұрақталғанын жеткізді. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: "1417... Қазіргі таңда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізілді. Тәулігіне індетке шалдыққан 2 мың адамға дейін тіркеледі, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,2 есе, 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеді". ГҮЛНӘЗИЯ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ: «Көптен бері айтылып жүрген Pfizer вакцинасы да сөз болды. Осы ретте шетелдік  екпемен егілетін адамдардың тізімі алдағы уақытта кеңейтілуі мүмкін. ((БЕЙНЕҚОР)) Министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойыпты. Қазір өңірлерге жеткізу, оны сақтау  мәселелері де пысықталуда». АЛЕКСЕЙ ЦОЙ,  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Pfizer вакцинасына тоқталсақ, бастапқы кезеңде бұл екпелер 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге арналады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін» Депутаттар екпе паспортын бизнеске айналдырған медицина қызметкерлерінің мәселесін көтеріп,  мұндай қылмыстық іске министрлік қандай шара қолданып жатқанын да сұрады. БЕКҚАЛИ ТОРҒАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Жыл басталғалы 130 қылмыс тіркелген. 30 қылмыс, сыбайлас 11 қыл іс қозғады Бұндай жағадйға қалай жол бердіңіздер?» ГҮЛНӘЗИЯ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Министр  мұндай қадамға баратындар міндетті түрде сот алдында жауап беретінін жеткізді. Қазір аталмыш факт бойынша 90-нан астам қылмыстық іс қозғалған. Алексей Цойдың сөзінше, сот шешімі шыққаннан кейін, барлық жалған паспорттар базадан түгел өшіріледі. https://www.youtube.com/watch?v=yEodAmgH-Vo&t=9s

Жүктелуде...