Жаңалықтар

Биіктен секіремін деп бақилық болды

«Туған күніне жасалған сыйлық еді...». Қарағандыда адреналин қуамын деп, ажал құшқан келіншектің туысқандары мән-жайды баяндап берді. Қауіпті ермекті жанына серік еткен ол бұған дейін де бірнеше рет биіктіктен секірген екен. Бірақ бұл жолы экстремалды ойынның соңы орны толмас қайғылы жайтқа әкеп соқты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. «Мен сені жақсы көремін».  Күйеуінің жылы сөзін естіп үлгерді ме, қайдам, секіргені сол еді... 30 метр биіктіктен құлап, бетон конструкцияға барып соғылған. Қайғылы жайт Қарағандыдағы қонақ үйдің біріндегі шатырға орнатылған аттракционда болған. НИЯЗБЕК ЕРНИЯЗОВ, НЕЙРОХИРУРГ: «33 жастағы пациент көпбейінді ауруханаға аса ауыр халде жеткізілді.  Оның миы шайқалып, травматикалық шок  пен миішілік гематома алған. Оған шұғыл түрде ота жасалды.» Алайда алған жарақатынан келіншек жансақтау бөлімінде есін жыймастан, көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, жұмысшылардың бірі арқанды бекітіп үлгермеген екен.  Қазір істің мән-жайын  полиция анықтап жатыр. БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 306 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде». Егер  аттракцион басшылығының кінәсі анықталса, күдіктілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қала әкімдігінің таратқан мәліметіне сәйкес, ұйымдастырушыларға бұл қауіпті аттракционның қызметін жүргізуге ешқандай рұқсат берілмеген екен. Ал қауіпті ермекті жанына серік еткен келіншек бұған дейін де биіктіктен секірген екен.  Бұл жолғысы  жақындарының туған күнге жасаған сыйлығы болыпты.   Адреналинді жаны сүйген қарағандылық келіншек осыдан бір апта бұрын ғана 33-ке келген еді. Марқұмның артында жұбайы мен 3 баласы қалды. https://www.youtube.com/watch?v=oxHMUJ-3HQ8