Сотталып жатқан Саакашвили Сандраны тастап, жас иіс алып кетті (фото)

Сотталып жатқан Саакашвили Сандраны тастап, жас иіс алып кетті (фото)

ашық дереккөзі

Грузияның Рустави қаласындағы түрмеде жатқан Саакашвилилге әйелі Сандра Рулофс бір рет те келмеген, ал жаңа сүйіктісі екі рет келген деп жазады ria.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Бұл жағдайға грузиялық һәм украиналық саясаткердің 1990 жылы туған украиналық депутат Елизавета Яськомен романтикалық жаңа байланыстары сеп болған деп жазады дереккөз. 1 қазан күні Грузияда тұтқындалған Саакашвили бірнеше қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылуда. Украинаның ұлттық реформалар кеңесінің атқару комитетінің басшысы лауазымын атқаратын оның Украин азаматтығы да бар. [caption id="attachment_61280" align="aligncenter" width="920"] width= Фото: ATR | Саакашвили мен Сандра[/caption] Осының алдында ғана Украина президенті Зеленский М.Саакашвилиді түрмеден шығарып алуға барын салатындықтарын мәлімдеген. Саакашвилидің сұлу әрі жас сүйіктісі – Е.Ясько Блаватник атындағы мемлекеттік басқару мектебін бітірген тұңғыш украиналық әйел. Ол Ұлыбританияның  мәдениет және медиа, диджитализация министрлігінде қызмет істеген. Киев қаласының тумасы.

Жүктелуде...