Түркістан: Қазығұрт ауданында «Ұстаздар аллеясы» ашылды

Түркістан: Қазығұрт ауданында «Ұстаздар аллеясы» ашылды

ашық дереккөзі

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және мұғалімдер мерекесі қарсаңында Т.Рысқұлов мектеп-лицейі алаңынан «Ұстаздар аллеясы» падалануға берілді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев және аудан көлеміндегі ардагер ұстаздар қатысты. Ондағы орындықтар глобус, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Кітап қойылған ескерткіштің авторы – Өрісбай Көпеев. Ол – аудандық мәслихаттың хатшысы. Ұстаздардың төл мерекесі Мәдениет үйінде жалғасып, қазығұрттықтар ұлы мамандық иелерінің еселі еңбектерін айтып құттықтады. Бірқатар мұғалімге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілсе, еңбегі ескерілген бірнеше мұғалім аудан әкімі мен аудандық мәслихатың алғыс хаттарымен марапатталды.

Жүктелуде...