Ө.Шөкеев: "Әрбір нысан халыққа қызмет етуі тиіс"

Ө.Шөкеев: "Әрбір нысан халыққа қызмет етуі тиіс"

ашық дереккөзі

Түркістан облысының әкімі бірқатар нысандарды аралап, құрылысшылармен жүздесті, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Облыс әкімі шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысандарды аралап, құрылысшылармен жүздесті. Мердігер компания басшыларымен де кездесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді. Салынып жатқан жаңа нысандардың сапасы басты назарда тұруы тиіс екенін айтқан облыс басшысы құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды ескертті. Сондай-ақ, тұрғын үй секторларындағы инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтып, абаттандыру мен көгалдандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға күш салуды тапсырды. Облыс орталығының тазалығын сақтауға қатысты жауапты сала басшыларға нақты тапсырмалар берді. Халықаралық әуежайға барар жолда жүргізіліп жатқан көгалдандыру барысымен бақылаған өңір басшысы қаладағы жаңа арбат пен гүлзарлардағы абаттандыру жұмыстарын пысықтады. Сонымен бірге «Алатау» медиа орталығында болған облыс әкімі халықаралық телеарнаның алдағы жоспарларымен танысты. Шаһардың жаңа нысандарын аралау барысында облыс әкімі орталық стадион және оқушылар үйінің айналасында жүріп жатқан көгалдандыру жұмыстарын да зерделеп, мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Жүктелуде...