Жаңалықтар

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы жаңа қызметке тағайындалды

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының экс-баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеу "Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" АҚ Біліктілікті сертификаттау, кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын инспекциялау және ранжирлеу департаментінің директоры лауазымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 

2013-2015 жылдары — Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған No2 облыстық мектеп -интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2013-2015 жылдары — "Қазақ Үні" Республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2016 жылы — Алатау" дәстүрлі өнер театр директорының дамыту жөніндегі орынбасары. 2018–2019 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші -қон комитетінде жұмыс жасады. 2019-2021 жылдары—"Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамында менеджер. 2019-2021 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы төрағасы болып табылатын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы. 2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "РҒӘО" АҚ баспахана директоры қызметін атқарған.