Сарыағашта аудандық мәселелер талқыланды

Сарыағашта аудандық мәселелер талқыланды

ашық дереккөзі

Аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте ауданда жұқпалы аурулардың алдын алу, аудан бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту мақсатында салық берешегін өндіру, мемлекеттік атаулы көмекті тағайындаудың барысы және Әкімшілік ресімдік процестік Кодексі (арыз-шағым) бойынша өтініштерді қарау барысы туралы күн тәртібіндегі мәселелері жөнінде баяндамалар жасалып, жан-жақты талқыға түсті, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Мәжіліс барысында аудан басшысы бүгінгі таңда өзекті болып отырған санитарлық-гигиеналық тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу және аудан аумағында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізу қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар аудан бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне атқарылған жұмыстармен тоқтап қалмай, қосымша кіріс көздерін анықтап, салық берешектерін бір апта мерзім ішінде өндіруде ширақтылық танытуды тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы мобильді топтардың жұмысын жандандыру және мектептердегі карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп балалардың денсаулығы баршамызға маңызды екендігін ескертті.  

Жүктелуде...