Жүсіпбек Аймауыт қалай дәл айтқан: қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай
1931 ж. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылар алдында қасқайып, бас имеген Жүсіпбек Аймауыт: "өз зиялыларына қырғидай тиген өкіметтен ешуақытта кешірім сұрамаймын" - деген екен...
Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі Qazaq Eli тобы жазды.
Жүсіпбек заманының аса дарынды адамы болған, оның эстетикалық, көркемдік көзқарастары қоғам белсенділігі мен ішкі қарама-қарсы күрестің нәтижесінде қалыптасқан тұғын.
Жүсіпбек Аймауыт 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында (қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы) дүниеге келген. Жазушы, ақын, аудармашы, ұстаз-ғалым Жүсіпбек Аймауыт ұлттың рухани потенциалына зор үлес қосқан адам. Оның дарындылығы халық көзіне бірден түскен еді. Сонымен бірге, ағамыз актер әрі сазгер, режиссер болған екен.
«Ұраным – Алаш» кітабында тізілген Жүсіпбекке тағылған айыптар:
Орысша білім алған мамандардың басым көпшілігі қазақ үшін қызмет етпейді екен-ау деген қорытындыға келдім.
———
Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия,Түркиялар, олардың баласы жасынан “ұлтым” деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы – мемлекеттің керегі, қызметкері.
———
«Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай- шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын»…………….
(с) Жүсіпбек АЙМАУЫТ
Назарларыңызға Жүсіпбек ағамыздың сол заманда ақ болашақты болжағандай айтып кеткен қанатты сөздерін ұсынамыз: