Алтынның сынығы: қытайлармен қайтпай атысқан Оспан батырдың қызы (фото)

Алтынның сынығы: қытайлармен қайтпай атысқан Оспан батырдың қызы (фото)

ашық дереккөзі

Оспан батырдың әскері 1949жылға дейін, 9 жыл бойы қара қытайды армансыз қырып, олар мүлдем жоюға мүмкін емес екенін білді. Уақыт зымырап өтіп, бұл кезде ішкі Қытайда жеңіске жетіп, бұрынғы мемлекетті билеп отырған Халық партиясын Тайванға қуып салған коммунистік қызыл қытайлардың 100 мың әскері Шығыс Түркістанға кіргелі жатты.  Дәл осы кезде бұрынғы қара қытайлар, жергілікті қытай үкіметі Оспан батырға "коммунистік үкіметке" бірге қарсы тұруға нәсихат жасады. Сол кезде Оспанның кеңесшілерінің ішінде Арқадан келген, руы - арғын, Қапас мүфти деген Алашордашы бар еді. Сол кісі коммунистердің адамшылықтан жұрдай хаюан есебінде екенін айтып, соншама жыл соғысқан қара қытаймен одақтасуға кеңес берді. Оспан батырдың даңққа айналған "Қазақтың мүддесі үшін шайтанмен де одақтасамын!" деген сөзі сол кезде шыққан. Шығыс Түркістандағы қытай үкіметі Оспан батырды өлке орталығы Үрімжі қаласына шақырды. Оспан соның өзінде қытайға сенбеді, АҚШ консулының араға жүруімен ғана сенім артты, бірақ қала ішінде емес, қаланың сыртында ғана кезігетінін айтты. Оспан батыр осы күнгі Шүйшигу кенті орналасқан жерге келіп, қытай басшысы ол жерге көптеген киізүйлерді тіктіріп дайындап қойған екен, кездесетін орындағы тау-тасқа Оспан батыр 300 мергенін тізіп отырып орналастырып қойды, олар кездесу орнын нысанаға алып хауіпсіздікті бақылады. Сол кезде қытай басшысы "Оспан батырдың құрметіне алып қояйық!" деп шарап құйған кесесін көтергенде, оның генералдары және жергілікті ұйғыр, қазақтың лауазымды адамдары оған жағатсып, олар да шарап ішіп жіберді. Сол кезде Оспан батыр ғана құйған шарабын алмай, "құдайдың тәтті суынан құйып әкеліп бер" деп бір сарбазын тауға жұмсап, ол сарбаз таудың бұлағынан бір шара таза су әкеліп берді. Шарадағы тәтті суды Оспан қылқылдатып жұтты, мұны көрген ұйғыр, қазақ ұлттарынан болған қытайдың жаңағы мәнсаптіларі ұялып, қызарғанда кірерге жер таппады. Қытай басшысы "Батыр, екі жақтың мергендерінің өнерін көрейік!" деп нысана ататын алаңға алып келді. Екі жақтың арасында нысана атудан байқау өтіп, байқаудың соңында, Оспан батыр жанындағы қызына "ат!" деді, қызы шапанының сыртынан ер адамша буынған белдігін шешіп, түймесін ағытып жіберіп, кіндігіне айқастырып беліне байлаған екі маузерін суырып алып шығып, 200 метр қашықтыққа кішкене жілік қойдырып сол қолындағы маузермен жіліктің ортасын тесті, жілік аспандап ұшып бара жатқанда, көз ілеспейтін шапшаңдықпен оң қолындағы маузермен ұшқан жіліктің басынан атып түсірді.  Мұны ол кісі "бұл менің мергендігім емес, әкемнің жанып тұрған бағынан болды" деп айтатын. [caption id="attachment_60971" align="aligncenter" width="1500"] width= Фото: islam.kz[/caption] Кейінгі бір уақытта Оспан батырдың ауылында ешбір әскер жоқ кезде, кең алқапта қатын-бала ғана қалған кезде жау басып қалды. Сол кезде бір киізүйдің ішінен оқ борап, ешкімді ауылға жақындатпады. Сөйтсе, ауылды қорғаған осы қызы екен. Бір рет иендегі бос қалған киізүйде осы қыз жаумен жалғыз айқасыпты. Жау киіз үйді басып қалғанда ол кері шегініп дөңнен асып кетіпті. Жау ол дөңге барып шайқасқан екен, ол тағы біраз жауды қырған соң келесі бір құм төбеге асып кетіпті. Жау ол құм төбені басып алып жеткен кезде ешқандай қыз жоқ, табылмапты. Сөйтсе, қыз ол жерге ақ түйесін соғыстан бұрын алдын-ала шөгеріп қойыпты, сол түйесіне мініп кетіп қалған екен. Осы кісі "әз апаң" деген құрметті атауға ие болған, сарбас руының ру басысы болып табылатын Буратай тәйжінің ұлы Кәбенге тұрмысқа шыққан. 1992жылы қайтыс болды. Орта бойлы, көзі шүңірек келген, жанары шоқтай қызарған адам.

1951жылы Оспан батырдың қалай ұсталғанын білесіз бе?

Жаулар Тибеттің қақпасы болып саналатын, Гансу өлкесінің Ақсай ауданындағы Қайыз көлінің жағасында, Оспан батыр 1700 қаралы адамымен қонып отырған кезде, тұтқиыл келген қалың жау басып қалғанда,  Оспан ақбоз атына мініп қашып құтылып кеткен. Бірақ, батыр қызының жау қолында қалып бара жатқанын көріп қайта кері бұрылғанда,  жау қаптап кеткен.  Оспан қызын алып ап қайта қашқанда,  қызын қашып келе жатып бір көмескі жыраға тастап тығып кеткен де, өзі жауға көз болып қаша берген. Сол кезде Қайыз көлінің бетіне қатқан мұзға жайпақ тағалы аты тайып жығылғанда, жау келіп басып қалған. Сол кезде емшек тағамен емес, жайпақ тағамен жүрудің себебі көлдің айналасы құм болғандықтан, тағасы жайпақ таға болған екен. Оспан үш-төрт әскерді өлтіріп барып ұсталады.  Оспан ол кезде 52 жаста.  Екі айдан кейін Үрімжіде 80 мың халықтың алдында атылды.

[caption id="attachment_60972" align="aligncenter" width="448"] width= Фото: abai.kz[/caption]

(19 ақпан Оспан батыр Сіләмұлының  қолға түскен күні)

Ұлдары осы қоршауды бұзып шығып, қашып отырып Алтайға келеді. Оспан батырдың ұлы Шердиман жаңа қол жинап, Құбы құмында қызыл қытайдың 5 мың әскерін қоршап жояды. Шердиман қытаймен 2 жыл соғысып, 1953жылы Оспан батырдың сүйегін қайтарып алады. Қазақтардан 30 адам мәнсап алып, өздерін өз адамы басқаратын болып келісімге отырып, соғыс тоқтатылады. Гансу өлкесі мен Құмыл, Еренқабырға аймақтарында шашырап кеткен Оспан батырдың соғысына қатысқан ел келісім бойынша Алтайға көптеп көшіп келеді. Сол кезде менің атам Шәмшәріп Бабақұмарұлы Құмыл аймағының Баркөл ауданы жерінен, нағашы атам Қабдолла Мыңғытбайұлы Еренқабырға аймағының Мори ауданының жерінен Алтайға қайта оралады……………

 

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы

  P.S. Аталмыш жазба фейсбук әлеуметтік желісіндегі QAZAQ ELI тобынан алынды

Жүктелуде...