Қазақстандық жастардың ғылымға деген қызығушылығы қандай?

Қазақстандық жастардың ғылымға деген қызығушылығы қандай?

ашық дереккөзі

Ғылымсыз  ел дамымасы айдан анық. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі айтып отырады. Ендеше, жалпы еліміздің ғылым жағдайы қандай? Прогресстер мен регресстер туралы Newsroom.kz тілшісі терең зерттеп көрді. Салыстырмалы түрде, еліміздің азаттық алған жылдарына қарай ойыссақ. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз қызметі ұсынған ресми дерекке сүйенсек  1990 жылы елімізде 289 ғылыми мекеме болған екен. Ғылыммен айналысатын адамдар саны 50 мыңның үстіне шығып жығылған. Өмірін ғылым жолына арнаған ғалымдар саны 22 378 адамды құрайды. Бұның ішінде 17 454 зерттеуге машықталған мамандар бар. Сандар сөйлеуін тоқтатпасын. Мысалы, 2011 жылғы қисапқа салсақ 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны елімізде 6 400 болған екен. Қазір бұл көрсеткіш 8 100-дің маңында. Осыдан-ақ қазақ жастарының ғылымға деген қызығушылығы артып келе жатқанын анық байқауға болады. Мемлекетте өз тарапынан ғылымды дамыту үшін бар амалдарын жасап келеді. Мысалы, мемлекет тарапынан жыл сайын ғалымдарға 6 атаулы сыйлық пен 75 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалады, оның ішінде 50 стипендия дарынды жас ғалымдарды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар қазіргі таңда  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылған. Соңғы уақытта тарихта алғашқы рет 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру байқауы жүзеге асуда. Ғылымдағы басты көрсеткіш – ол абыройлы басылымдарда ғылыми еңбектердің жариялануы болып табылады. Отандық ғылым бұл көрсеткіштен де кенже қалар емес. Қазақстандық ғалымдар  Scopus мәліметтер қорындағы қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының жалпы саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есеге (577 -ден 19 879 -ға дейін), ал Web of Science дерекқорында 59 есеге (425 -тен 25 088-ге дейін) өскен. Соңғы бес жылда қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші ғылыми мақаласы әлемдегі ғылыми журналдардың үздік 25% енген деп хабарлайды Министрлік. Еске салайық,  1991 жылы Қазақстанда ғылыми-зерттеулермен шұ­ғыл­­­данатындар саны 42 мың адам болса, 2014-2015 жылдары бұл көр­сеткіш 19 мың адамға дейін төмен­деген еді. Бүгінде елде 8 мың ғы­лым­мен шұғылданатын маман бар. Оның бір мыңы – жас буын. Әлемде әрбір 1000 адамның біреуі ғалым, ал Қа­зақ­станда 2500-дің біреуі ғана ғалым. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Әрине ға­лымның саны ғылым са­па­­сының негізгі көрсеткіші емес. Ғалымның деңгейі мен оның ғылы­ми жұмыстарының нәтижесі әлемдегі атақты журналдарға шыққан мақалаларымен, сол мақалаларға басқа ғалымдардың сілтеме жасау санымен бағаланады. Мұндағы өзекті мәселе – ғылымның пайдасы, оның халыққа, елге, отандық шаруа­шы­лы­ққа әкелетін пайдалы әсері, яғни енгізетін жағымды жаңалығы. Бұл жөнінде Қазақстан әлемде 61-орында, патент алу бойынша біздегі көрсеткіш дүниежүзілік деңгейден 24 есе төмен. Ғылымнан жақсы нәти­же алу үшін зерттеушілер қатары көп болуы шарт. Сонда бәсекелестік артып, көптің біреуі зерттеуге қызыға кіріссе, алдына қойған мақсатына жету кезінде ғылымда жаңалық жасалуының ықтималдығы артады. Демек санның сапаға айналуы үшін ғалымдар саны арта түсуі тиіс. Беретін өнім­ділігі өте төмен, қаражаты же­тім­­сіз, қатары тым сирек ғалым­дармен ғылымды дамыту мүмкін емес, керісінше, оны құрдымға жіберіп алуымыз мүмкін. Дамыған елдерде ғалымдар ең жоғарғы зияткерлік топ саналады. Оларға ерекше құрмет көрсетіледі. Соны­мен бірге ғалымның еңбегі де жоғары бағаланады. Жалпы мемле­кет­тің ғылымға деген көзқарасы оның ІЖӨ-нің ғылымды дамытуға бөлінетін қаражатының пайыздық деңгейімен өлшенеді. Ғылымға ең көп қаражат бөлетін Израиль – 4,6%, Швеция – 4%, Жапония – 3,4%, АҚШ – 2,7%, Германия 2,5%. Бұл көрсеткіш Ресейде – 1,25% болса, Қазақстанда бар болғаны 0,2% деңгейінде. Бүгінде ғылыми қызмет­кер­лердің жалақысы өте төмен. Ғылымның дәрежесін кө­те­ріп, жастарды ғылымға тарту үшін ғалымның айлық жалақысын айтарлықтай көбейту керек. Басқалармен салыстырсақ, біздегі ғылымның да­му­ына жұмсалатын қаржы он­ың дамуына емес, жойылуына ба­ғыт­тал­ған секілді. Халық­аралық академиялық кеңестің ұй­ғарымы бойынша мемлекеттің ғылым саласына бөлетін қаржысы ІЖӨ-нің 1,5% артық болса ғана ғылым дамиды екен. Осыдан елдегі жағдайдың қандай екенін аңғаруға болады. Қазіргі таңда әлемдегі эко­но­микалық тұрғыда дамыған ел­дер­дің аса маңызды бәсекелестік артықшылығы – білім, ғылым және жаңа технологиялар. Сондықтан Қазақстанда да ғылым дамуының жаңа деңгейіне түбегейлі шығуы қажет. Бұл үшін еліміз жоғарғы мемлекеттік деңгейде ғылыми-техно­­логия­лық дамуы стратегия­сын (ҒТДС) жасауы керек. Бұл маңыз­ды құжаттың жобасын ғалым­дар, ғылыми мекемелер, инженер­лер, технологтар және ғылым жана­шыр­ларының қатысуымен егжей-тегжейлі кеңінен талқылағаннан кейін президент бекітіп, қабылдауы шарт. Осындай ҒТДС әлемнің дамы­ған елдерінде (АҚШ, Жа­по­ния, Қытай, Еуропа елдері және тағы басқа) қабылданған. Оны қабыл­даған елдердің ғылыми-техно­ло­гия­лық дамуының стратегия­сы өзінің ма­ңыздылығы жағынан мем­ле­кет­­тің қауіпсіздік стратегиясымен бір деңгейде тұрады. Әлі күнге дейін Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының стра­тегиясы әзірленбеген және қа­был­данбаған. ҒТДС қабылдау қа­жет­­тілігі Қазақстанның әлемнің дамы­ған 30 елінің қатарына кіруін қамтамасыз ететін көптеген бағдар­ла­малық құ­жат­қа негізделеді. Қазақстанның ҒТДС әзірлеген кезде, басқа мемлекеттердің тә­жіри­­бесін ескерген жөн және қа­зақ­­стандық ірі ғылыми-зерт­теу институттары, зертхана­ла­ры мен университеттердің жетекші ға­лым­дары осы маңызды стратегиялық құ­­жатты талқылауға қатысып, әл­ем­­нің дамыған елдерінің ғылыми стратегия­ларының нұсқаларымен салыс­тырмалы түрде талдау жүр­гіз­уі тиіс. Қазақстан ғылым кандидаттары мен ғылым докторларының саны жөнінен алдыңғы орында, ал ғылыми нәтижелерден соңғы орындарда орналасқан. Себебі ғылымда кездейсоқ атағы бар, алайда ғылымға тікелей қатысы жоқ адамдардың қатары көбейіп кеткен. Бірде-бір ғылыми мақала жазбаған ғылыми атағы бар кейбіреулері де­путат болып, шенеуніктің шек­пе­нін киіп, ел билеп отыр. Мұндай жалған ғалымдармен елде ғы­лым­ның дамымайтыны бесенеден белгілі. Елде кейінгі уақытта ин­­но­­вациялық қор, технологиялық парк дегендерді көптеп ашып жатырмыз. Олар қандай жұмыстар істеп жатыр? Қандай жобаларды іске асырады? Оның ашылғанын құп­тауға болады, бірақ жұ­мысынан мемлекетке еш пайда келіп жатқан жоқ. Білім және ғылым министрлігінің дерегінше 2020 жылы ғы­лым­ға бөлінетін қаражат ІЖӨ-нің 2%, ал 2050 жылға қарай 3% болмақ. Бұл – болашақтың жоспары. Бүгінде ел экономикасы тұрақты өсу үстінде болса да, ғы­лымға бөлінетін қаржы көлемі ІЖӨ-нің 0,20-0,16% аспай тұр. Сондықтан Қазақстан ғы­лымының жағдайы мәз емес. Ғы­лы­ми мекемелер қазіргі заманғы күр­­делі қондырғыларды сатып алу­­­ға қауқарсыз, мемлекеттік және ака­­де­миялық бағдарламалармен жоба­­ларды жоғары деңгейде қол­дана алмайды, халықаралық қа­тын­­ас­­тарды дамыта алмайды, жа­ла­қы өте аз болғандықтан талант­ты жас­тарды ғылымға тартуға ша­ма­сы жоқ. Сондықтан кейінгі жыл­дары Қазақстаннан дарынды жас­тардың шетелге кетуі белсенді қа­лыпты иеленіп отыр. Онымен бірге қоғамға дендеп енген «сыбай­лас жемқорлық» деген ауру ғылымды да айналып өтпеді. Салдарынан ғылымға бөлінетін аз қаражаттың ғылым гранттарына үлестірілуі дау туғызып, ғалымдардың көңіліне сенімсіздік ұялатып жатыр. Мысалы, 2019 жылы «Агроөндіріс ком­плек­­сі түрлерінің дамуы және ауыл шаруашылығының қауіп­сіз­дігі» бағыты бойынша кон­курс­тың екінші кезеңіндегі қара­жат­ты бөлуде өрескел қателіктерге жол берілген. Ұлттық ғылыми кеңес бірін­ші кезеңде 16-19 балл алған жұмыс­тар­ды өткізіп, 30-дан артық балл жинаған зерттеулерді өткізбеген. Же­тек­шісі ҰҒК мүшесі болған бір жұмыс 20 балл алса да қаржы­лан­­­дыру тізіміне өткен, ал 30-дан артық балы барлардың жұмысы өтпе­ген. Сонымен қатар «Ақпараттық, теле­ком­муникациялық және ғарыштық технологиялар» бағытындағы конкурста мем­лекеттік сараптамадан өт­кенде жоғары балл алған жұмыс­тар өтпей, ке­рі­сінше, төменгі деңгейлі балл алған та­қырыптар өтіп кеткен. Мем­ле­­кет­тік сараптамадан жоғары балл алған «Қаз­космос», Фесенков атын­да­ғы астро­физикалық инс­ти­ту­ты, Ионо­сфера институты, Ғарыш­тық техника және телекоммуни­ка­ция­лар институттарының жұмыс­та­­ры кейін қайтарылып, болмашы балл алған басқа жұмыстар қар­жы­лан­ды­рылған. Мәжілістің 2015 жыл­ғы қазандағы отырысында қозғалған депутаттық сауалнамада 2015-2017 жылдардағы ғылыми-зерттеулерге бөлінген қаржы­лан­ды­ру­дағы кемшіліктер туралы айтыл­ған­дар Есеп комитеті тексергенде анықталғаны белгілі болды. 10 миллиард теңгенің еш пайдасыз шығындалғаны анықталды. Сол жұмыстардың 41-інің жетекшілері – ҰҒК мүшелері. Елбасының бастамасымен ғылымды басқарудың жаңа моделі 2011 жылы енгізілген еді. Қазақстанда ғылымды дамы­ту­дың басым бағыттары анықталған, мемлекеттік ғылыми-техникалық сарап­тама жүйесі құрыл­ған, қаржыландырудың жаңа жүйесі қабылданған болатын. Үкімет қаржы­сы­ның әділетті бөлінбеуі бір басқа, сол қаражаттың мерзімінде игерілмей қалғаны тіпті таңғаларлық жағдай. Соңғы жылдары 15 ғылыми-зерттеу зертханалары ашылды, оны дамыту үшін қымбат қондырғылар алынды. Солардың біразы толық жұмыс істемей, ғылымға ешқандай үлес қоспай, музейдегі жәдігер секілді тұрғандары бар. Мысалы, Евней Бөкетов атын­да­ғы Қарағанды мемлекеттік уни­­вер­си­те­тінің ұжымы екі рет не­гіздеме жазып, ЯМР деген қон­дыр­ғы­ны сатып алуға сұраныс берген. ҚарМУ-де онымен жұмыс істейтін профессорлар тобы бар, алайда қажетті сұраныс ескерілмей қалды. Қазір ол қондырғы басқа бір университетте экспонат ретінде тұр. Себебі қон­дырғымен істеуге машықтанған ғалым жоқ. Ашылған зертханалардың бе­с­е­уі «ұлттық» деген мәртебені иеленген, яғни елдің кез келген ғалымы еркін барып, өзінің зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіншілігі болуы керек еді. Бұл зертханаларды қомақты қара­жат­­пен ашу Елбасының мемле­кет қа­жеттілігінен туындай­тын, қа­­­уіп­­­­сіздігін қамтамасыз ете­тін, ішкі мүмкіндіктерді игеруге не­гіз­­дел­ген, нәтижелері қо­ғам­дық сұ­­ра­ныс­қа ие болатын ғылым ба­ғыт­­­­тарын үнемі дамыту мақ­са­ты­мен негіз­дел­ген еді. Ол зертханалар­ды 8 миллиард теңгеге сатылып алын­ған құ­рал­дар­мен, аспаптармен, қон­дыр­ғы­лармен жабдықтады. Бүгінде әлемде ғылым саласында бәсекелестік өте жоғары. Мемлекет қанша мықты болса да ғылым мен технологияның көмегінсіз ұзаққа бара алмайды. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешіп, отандық ғылымды дамыту үшін тиісті, сапалы жұмыстар жүргізілуі шарт.

Жүктелуде...