Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер жанұясы

Бүгінгі бейбіт заманда  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күннің ыстық-суығына қарамастан еңбек етіп, қашан да темірдей тәртіпке бағынатын Өрт сөндіруші-құтқарушылар жанұясы туралы әңгімелемекпіз. «ҚҰТҚАРУ МІНДЕТІ МЕЙІРБАН ЖАНДАРҒА ЛАЙЫҚ» демекші  Ілясовтар отбасында қазіргі таңда 5 отбасы мүшесі азаматтық қорғау саласында қызмет атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Түркістан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы орынбасары азаматтық қорғау капитаны Ілясов Жүсіп Темірұлы өзінің неліктен Өрт сөндіру мамандығын  таңдағанын және жанұясы жайлы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Мен Ілясов Жүсіп Темірұлы 27 желтоқсан 1994 жылы Жетісай ауданында дүниеге келдім, жастайымнан әкемнің үстіне киген формасына қарап қызығып, басыма фурашкасын киіпбалалық шағымнан әскери адам болу арманым еді. Мектеп қабырғасын бітіріп, адамдарды құтқаруды «Міндет,Абырой,Ерлік» санап Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы бұрынғы «Көкшетау техникалық институты» қазіргі«М.Ғабдулин атындағы Академиясына» оқуға түстім, 2016 жылы «Әскери іс және Өрт қауіпсіздігі» бакалаврі маманды бойынша азаматтық қорғау лейтенанты шенін алдым. Дұрысмамандық таңдауда себепкер болғанжандардың бірі сынып жетекшім Сабденова Жұпаркүл айтпақшы өмірде 2 таңдаудан қателесуге болмайды тәрбиелейтін, біріншісі ол өмірлік жар таңдауда, ал екіншісі мамандық таңдауда. Біз отбасымызбен екі таңдауданда қателеспедік деп нық сеніммен айта аламын, өйткені адамдарға төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізіп тиісті сәтте көмек қолын созуды «Бейбіт күннің батыры» деп есептеймін. Әкем – Маханбетов Темір Ильясұлы 1966 жылы 13 наурыз күні Жетісай ауданында дүниеге келген. 1986-1991жылдары Қарағанды қаласындағы Еңбек Қызыл Ту ордені политехникалық институтын,инженер-механик бакалаврі маманы болып бітірген.1997-2011 жылдары аралығында Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет саласында қызмет атқарып, отставкадағы майор шенімен бейнеттің зейнеткерлігіне шыққан. Соған қарамастан қазіргі таңда Жетісай ауданында орналасқан «AIIG Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта өңдеу зауытында Өрт сөндіру бөлімі бастығы лауазымында қызмет атқарып келеді. 1994 жылы анам - Маханбетова Шолпан Майлыбайқызымен отау құрып, қазіргі кезде 4 ұл 3 келін 4 немере тәрбиелеп отыр. Анам – Маханбетова Шолпан Майлыбайқызы 1973 жылы 22 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. 2007 жылдан бастап қазіргі күнге дейін  Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы, Асықата кентіндегі №22 өрт сөндіру бекетінде радиотелефонист лауазымында қызмет атқарып келеді. 2021 жылдың 22 қыркүйегі күні бейнеттің зейнеткерлігіне шығады. Інім – Іляс Жақып Темірұлы 1996 жылы 13 қараша күні Жетісай ауданында дүниеге келген. 2014-2015 жылдары аралығында Алматы облысы Ұзынағаш ауданы, Ұзынағаш қаласында орналасқан №28237 әскери бөлім моторист лауазымында қызмет атқарған, әскери борышын өтеу кезінде 2015 сәуір айында болған Қарағанды облысындағы елді-мекендерді су басу және 2015 жылы  шілде айында Алматы облысында болған лай көшкінінде авариялық-құтқару, дамба көтеру және су қашыру жұмыстарына белсене қатысқан. 2016 жылдан қазіргі күнге дейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде диспетчері лауазымында қызмет атқарып келеді. Інім – Іляс Жүніс Темірұлы 1998 жылы 03 қараша күні Жетісай ауданында дүниеге келген. 2020 жылдан бастап Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы, Састөбе елді-мекеніндегі №29 өрт сөндіру бекетінде радиотелефонист лауазымында қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында көптеген ірі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысқандығын, атап айтқанда Маусым айының 24 күні 2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласының маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері әскери бөлімінің қоймасында өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған жарылыста және 2020 жылы 01  Мамыр күні Мақтаарал ауданы шекарасындағы Өзбекстан Республикасының «Сардоба» су қоймасының тосыннан бұзылуына байланысты  Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орналасқан елді-мекендерді су басу кезінде жергілікті тұрғындарды, үй жануарларын эвакуациялауда және авариялық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру жұмыстарына белсене қатысып, өзіне көп тәжірибе жинағандығын және болашақ өскелең ұрпаққа бейбіт күннің батыры атанғысы келсе «Өрт сөндіруші-құтқарушы» мамандығын таңдауға кеңес берді. Түркістан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жетісай қаласындағы №3МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Жүсіп Темірұлы Ілясов