Түркістанда семинар өтті: не талқыланды? (фото)

Түркістанда семинар өтті: не талқыланды? (фото)

ашық дереккөзі

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Елшібеков, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Қ.Рысқұлбеков қатысқан семинар-кеңес өтті деп хабарлайды облыстық МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Аталмыш шараға Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы М.Шәріпов және Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары А. Жәнәділов қатысқан. [caption id="attachment_60750" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Түркістан облыстық МКД баспасөз қызметі[/caption] Айта кететін жайт, аталған семинар-кеңес екі мәселемен қамтылды: Біріншісі, Сот органдарында тіркеуін немесе қайта тіркеуді жарамсыз деп тану және мәмілені жарамсыз деп тану мәселелеріне қатысты азаматтық істер бойынша; Екіншісі, Мемлекеттік кірістер органдарының іс әрекетіне және Салық төлеушілердің камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жарамсыз, заңсыз деп тану туралы мәселеге қатысты азаматтық істер бойынша күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралған. [caption id="attachment_60749" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Түркістан облыстық МКД баспасөз қызметі[/caption] Семинар-кеңеске Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, аумақтық мемлекеттік кірістер баскармаларының заң қызметкерлері және кеден бекеттерінің жауапты қызметкерлері белсене қатысты.    

Жүктелуде...