Жаңалықтар

Сұмдық! Францияда шіркеу қызметкерлері он мыңға жуық баланы зорлап тастаған

Францияда он мыңға жуық баланы дін қызметкерлері зорлап тастаған деп жазады AFP сілтеме жасаған lenta.ru басылымы.

Қазір арнайы комиссия жұмысы үш жылдан астам уақыттан бері осы тақырыпты тергеп әрі тексеріп келеді екен. 2900 бен 3200-ге жуық дін қызметкерлерінің аталған қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп болжануда. Шағымданушылардың айтуынша бұл ең төменгі есеп болуы әбден мүмкін. Аталған іске қатысты ең алғашқы шағым 1950-ші жылдарға барып тіреледі. Алдын АҚШ-тың Нью-Йорк штатында да осындай даулы істер қаралған. Тұрғындар тоғыз мыңға жуық арыз-шағым қалдырған. Нәтижесінде, кейбіреулері сексуалдық қысым көрсеткен кей дін қызметкерлерін жауапқа тарта алған.