Онсыз да білеміз! Димашымыз Азияның ең әдемі адамы атанды

Онсыз да білеміз! Димашымыз Азияның ең әдемі адамы атанды

ашық дереккөзі

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Азияның ең тартымды 100 адамы" (The 100 most attractive Asian celebs 2021) Азиядағы ең әдемі ер адам деп танылды. kingchoice.me сайтында онлайн-дауыс беруде 30 қыркүйекте қазақстандық орындаушы 9,3 млн-нан астам дауыс жинап, бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Димаш Құдайберген Оңтүстік Кореядан Ким Сокджин (BTS тобының солисі, екінші орын - 8,1 млн астам дауыс) және Чха Юн У (Бойбенд Astro қатысушысы, үшінші орын - 1,9 млн астам дауыс) сияқты танымал әншілерді басып озды. Ескере кетсек, Димаш Құдайберген - рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Тізімде негізінен Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппин елдерінің әншілері мен актерлері бақ сынаған. Айта кетсек, бұған дейін әнші өзінің шығармашылығын шыңдау мақсатында Қытай еліне қайта барғанын айтқан болатын.

Жүктелуде...