Өңір басшысы Ордабасыдағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Өңір басшысы Ордабасыдағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты

ашық дереккөзі

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Республикамызда алғаш рет қолға алынған химиялық талшықтар мен маталардың алуан түрін өндіруде қолданылатын әртүрлі жіптер шығаратын ең ірі «Green Technology Industries» зауыттың өндіріс алаңында болды. Мұнда халықаралық стандарттарға сай сапалы өнім шығарылады. Кәсіпорын талшық түрлері мен микро талшықты силикондалған микрофибр жобаның тиімділігі шетелдік инвесторлар мен капиталды тарту арқылы «Жасыл технологияларды» өндірісте кәдеге жарату. Полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеуге және өндірістік циклге қайтаруға мүмкіндік беретін қайта өңдеу жүйесі нарықтың полиэфир талшықтарына деген сұранысын орындау барысында 200 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «STANDARD PETROLEUM & CO» мұнай-химия комбинатында болды. Бензин мен жанармай қайта өңделіп қана қоймай, мұнай-химия өнімдерін шығару үшін мұнайды терең өңдеумен айналысатын кәсіпорын саладағы ең соңғы технологияларды өндіріске тиімді пайдалана білген. Зауыт мамандары көмірден бензин өндіру технологиясын ойлап тапқан. Бүгінде кәсіпорынның өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында өндіріліп, ТМД нарығына экспорттау көзделуде. Аталған өңдеу өнеркәсіп жылына 2 миллион тонна шикізат өндеуді көздеп отыр. Ресей және Қытай технологиясымен жабдықталған қондырғылар орнатылған жобаның жалпы құны 240 миллион АҚШ долларды (95,0 миллиард теңге) құрайды. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 961 миллион теңгеге 14,2 шақырымға темір жол және 298 миллион теңге қаржыға су құбыры тартылуда.

Жүктелуде...