Жаңалықтар

200-ден астам сынып жабылған

Алматы облысында балалар арасында коронавирус індетін жұқтырған фактілер азаймай тұр. Бірінші қыркүйектен бері балабақшалардан 18 бүлдіршіннен, ал мектептер бойынша  209 оқушыдан табылған. Сондай-ақ, 47 ұстаздың Covid-19 жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі күні Алматы облысында 244 сынып жабылып, 2 800 бала екі апталық карантинге жіберілген, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. БАТЫРЖАН БАЙЖҰМАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Балаларды вакцинациялау бойынша сұрақ әлі шешілген жоқ. Ата-аналар арасында сауалнама, балалар туралы ешқандай ақпарат жинап жатқан жоқпыз. Қызылорда облысында құжат шықты, бұл фейк деп ойлаймын. Қандай жағдай болса да бұл ақпарат расталмады. Егерде бұндай жұмыс атқарылса, ол бүкіл республика бойынша жүзеге асырылатын еді. Бірақ, дәл қазіргі күні балаларды вакцинациялау сұрағы тұрған жоқ».