Жаңалықтар

Б.Сәрсекбаев Лукасты жаттықтырам деп Артаев пен Қызайбайға не ұсынды?

Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев 2004 жылғы Олимпиаданың тағы бір жеңімпазы, қазіргі Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаевқа орысшалап айтқанда, «вызов» тастады.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасындағы дау барысында, Сәрсекбаев боксшы Ангелина Лукасты жақтап, отандасы Назым Қызайбайға қарсы жекпе-жекте Ангелинаны дайындамақ. "Әйелдер боксында осындай ыстық жекпе - жектер бар-сөзбен айтқанда. Бақтияр Артаев, Назым Қызайбайды дайындауыңды ұсынамын. Мен , Ангелина Лукасты дайындаймын. Кімнің жеңімпаз болатынын көреміз", - деді Сәрсекбаев. [embed]https://www.instagram.com/p/CTr4m9KsUcu/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]