Сөзтүзер немесе Абаевтың Үңгіртас ауылына қатысы қанша?

Сөзтүзер немесе Абаевтың Үңгіртас ауылына қатысы қанша?

ашық дереккөзі

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында сөздердің қате жазылатыны туралы жиі айтылып жүр. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жуырда Елордада «Сөзтүзер» – қате қолданыстар сөздігінің» тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Бұл – бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің қолданысын реттеуге және ана тілдің тазалығын сақтауға арналған жоба. Көптің көкейінде жүрген мәселені назарға алып, сөздікте БАҚ тілінде жиі кездесетін осындай қателердің екі мыңнан астамы жинақталып, олардың дұрыс қолдануы да жазылыпты. «Ағымдағы жыл», «министрмен/әкіммен бекітілген», «айтуым керекпін», «ақпаратпен/әсерімен бөлісті» деген сияқты өзіміз байқамай, бірақ күнделікті қолданып жүрген осындай сөздердің қате екенін білесіз бе? Сөздікте осылардың «биыл/осы жылы», «министр/әкім бекіткен», «айтуым керек», «ақпаратты алға тартты/әсерін бөлісті» деген дұрыс нұсқалары көрсетілгенін мысалға келтірсек болады. Сондай-ақ олардың неге қате екені жан-жақты ережемен түсіндіріледі. Идея авторы Дәурен Абаевтың айтуынша, сөздікті жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарына, университеттерге, мемлекеттік органдарға таратады. Сайтқа да салынады екен. Қазақтілді қауымның қажетін дөп басатын жобалардың бірегейі.ё  width= Дәурен Абаев «Сөздікте негізінен стильдік және емлелік қателер, калька атаулар, жасанды сөз тіркестері, яғни жүйелі қателер іріктелген. Әрине, бұдан кейін тіл тазалығының мәселесі бірден шешіліп кетеді деуге болмас. Алайда біз осы бағытта нақты қадам жасадық. Ол үшін тіл мамандары бірнеше ай бойы еңбек етті. Қазақ тіліне қажетті тың дүние әзірледі. Сөздік журналистердің, тілшілердің, жалпы жазарман қауымның күнделікті қажетіне жарайды деп үміттенемін. Себебі көпшілік тілінің қалыптасуына ақпарат құралдарының әсері зор», – деді. Оған қоса ол алдағы уақытта қазақ тілін дамытуға арналған бұдан да басқа бірқатар ірі жобалардың бар екендігін алға тартты. Сондай ақ ол Алматы облысындағы Үңгіртас деп аталатын табиғаты тамаша, шағын ауылда дүниеге келгенін айтты.

«Әжеміз бен атамыздың өсиетін тыңдап өстік. Сондықтан да туған тілдің тағдыры мені ерекше толғандыруы заңдылық.
Осы ретте, қазақ тілі үшін күнделікті қызмет етіп жүрген зиялы азаматтармен, тілді үйретіп жүрген нағыз патриоттармен жұмыс істеуді, жүйелі жобаларды жүзеге асыруды өзіме міндет санаймын»,-деді Дәурен Абаев. [embed]https://www.facebook.com/100012262025729/posts/1343184622766926/?d=n[/embed]

Басты фото: assembly.kz 

       

Жүктелуде...