Жаңалықтар

Аштықты қолдан жасаған кәсіпкер кім?

Аштықты қолдан жасап отыр! Ақмола облысында тұтас бір ауылдың халқы әкімдеріне осылай деп ызаланып отыр. Атқамінерлер ауыл шаруашылығы жерлерін жекенің қолына өткізіп, енді елдімекен жұрты жайылым таппай қиналып жүр. Бірі мал басын қысқартуға мәжбүр болса, өзгесі айыппұлдың астында қалып жатыр. Неге? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Талабы бір, айтары бір, Қорғалжын ауданы Майшұңқыр ауылының тұрғындары бұл. КЕНЖЕБОЛАТ ОШАҚБАЕВ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Сыртымыздан eгін салайын деп жатыр. Ал 2-3  км деген жер ол жылқы малына былайша айтқанда 15 минутта жетіп барады. Мына жерде бір қуыста ұстап тұрмыз малды. Круговой ауылдың бәрін қоршап тастады» Әкімдік жайылымдық жерлерді жекенің қолына өткізіп, енді қарапайым халық қиналып жүр. ГҮЛНӘР ТӨЛЕУ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Енді малды сатамыз ба деген ойдың үстінде тұр. өйткені оны асырай алмаса, обалына қалып қайтеді?   қалталылар қарындылар дейміз ғой, оларға бизнесін дөңгелетуге мүмкіндік бар, ал қарапайым халыққа күн көруіне мүмкіндік бермей, қинап отырмыз». Бірі мал басын қысқартуға мәжбүр болса, өзгесі айыппұлдың астында қалып жатыр. ҚАЙРАТ СМАЙЫЛОВ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бір жылы малымыз егінге түсіп кетті. бір малымыздың басы көрініп қалды. 7-8 малдың құнын алды ғой». Әкімдіктен де, кәсіпкерден де қайыр жоқ. МАРАТ АЛТЫНБЕКОВ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мына жақта шөп бар шабылатын, оны не өздері шауып алмайды, ауылдың адамдары барса, қуып жібереді. Сөздің ашығын айтқанда, аштықты  қолдан жасап отыр». Соңғы 30 жылда ауылдағы жайылымдық жердің үлесі 33 мың гектардан 2 мыңға дейін қысқарған.  Қалған жердің өзі құнарсыз. АБАТ КҮМІСБЕКОВ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Вообще мынау сортаң жерлер ғой. Мал жайылмайды дейсіз ғой мына жерге. Қой жейді. Қара мал жемейді. Ащы мына жерлер. малдар өзі арық қазір. Енді бір ай жүре ма, уже все мал жүретін жер жоқ». Мәселенің мән-жайын білмекке, әкім аппаратына өзіміз де ат басын бұрдық. МЕЙРАМ САМҰРАТОВ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:«Ешкімге жер сатылып жатқан жоқ. Алғандар ол через банк алғандар. Шаруа қожалығы келіп жатыр. біз оларға ештеңе айта алмаймыз. Мараторий бітсе, соны күтіп отырмыз». Алайда тұрғындар атының өзі қате жазылған әкімдіктің заты қайдан дұрыс болсын деп ашынады. ҚАЙРАТ СМАЙЫЛОВ, МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Шабындық жерімізді, мал жаятын жерімізді мараторий біткенше, ана жерден біз құр қаламыз уже.   Ауылды көтеру керек, ауылды жерді көтеру керек, қайда ауыл қайдан көтеріледі осыдан кейін?». Енді жиналғандардың бар үміті жуырда ғана өтіп, жер мәселесіне жіті тоқталған Президент жолдауында болып отыр. ЕЛДОС ЖҰМАЖАН , МАЙШҰҢҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Бір ғана біздің ауыл емес, жалпы Қазақстан  мал жаятын шабындық пен жайылымдық жердің жоқтығынан қатты зарлап шегіп отыр. Осы жолдаудың арқасында жоғарыда отырған азаматтарымыз ақылға келеді, ауылды көркейтуге атсалысады деген үмітпен отырмыз». https://www.youtube.com/watch?v=IuhYEdMnp8Q