Жаңалықтар

Отандық танымал музыкант және композитор коронавирустан көз жұмды

  Отандық танымал музыкант әрі композитор Яков Хан 80 жасына қараған шағында өмірден өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да көңіл айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Айта кетсек, танымал композитор коронавирус індетінен қайтыс болған. «Өкінішке қарай, COVID адамдардың өмірін жалмап жатыр. Бүгін тағы бір керемет тұлғаны алып кетті. Яков Ханның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстандағы танымал музыкант, композитор, джазмен артында бай шығармашылық мұрасын, түрлі жанрлардағы туындыcын қалдырды. Ұзақ жылдар бойы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблімен серіктестік жасаған еді. Олар үшін қаншама мықты туынды жазды. Өкінішке қарай, осы бір керемет жанның ғұмыры үзілді", - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. Айта кету керек, Яков Хан әйгілі Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкенов өнер көрсеткен «Арай» тобының құрамында болған. Одан бөлек корей театрында музыкалық спектакльдерін қойып, бір актілі бірнеше туындыларға ән жазған.