Жарылыста қирап қалған зираттарды кім жөндейді?

Жарылыста қирап қалған зираттарды кім жөндейді?

ашық дереккөзі

Қайнардағы 19 үйдің бәрі де бүлінген. Жоғарыдан қарасаңыз кинолардағы бомбыланған жерлер сияқты. Жойқын жарылыс іргесіндегі зираттың да ойран-топырын шығарған. БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, ТІЛШІ: «Аумаққа кіруге болмайды»   деп ескерту жазып қойған тақташалар осылай жерде жатыр. Мына жерден түсіп қалса керек. Ал, мынау сол өрттен жан-жаққа ұшқан көліктің бөлшектері ғой деймін. Жанып кеткен жартылай. Былай майысып-майысып жатыр. БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, ТІЛШІ: «Қисайған камера бағаны, жұлынып түскен сымдар, ашық тұрған қақпа. Мұның бәрі жарылыс болған әскери бөлімнің ауласы, қоршауы. Міне, арғы жақта әлі түтіндеп бірдеңе жанып жатыр». Түтіндеп жатқан  жарылған қойманың орны екен. Не жанып жатқаны белгісіз. Көктен түсірілген кадрлерден жанып кеткен қоймалардың көп екенін байқауға болады. ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ БАС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 111-дей қойма болса, соның 90-95 пайызы жанып, жарылып кетті. Жойқын жарылыс 15 адамның өмірін жалмады, 1 адам із-түзсіз жоғалды. Тағы ондаған өрт сөндіруші мен әскери әртүрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Солардың қатарында мерзімдік борышын өтеп жүрген сарбаз  Қыдырәлі де бар. Эвакуция кезінде аяғынан жараланыпты. https://youtu.be/5gpXKnf__5Y?list=PL_blKZJ1z0cCjIX34-SJRAdE1RZHtm9z8&t=334

Жүктелуде...