Жарылыс болған өңірдегі елдің қазіргі халі қалай?

Жарылыс болған өңірдегі елдің қазіргі халі қалай?

ашық дереккөзі

Ал Жарылыс болған аймақтағы ахуал дәл қазір қандай? Өңірге барып, жұртпен кездесіп, тың мәліметтерді тізілді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Жарылыс болған әскери бөлімнің іргесіндегі Қайнар ауылына келіп тұрмыз. Міне, шеттегі үйлердің бірі. Ассалаумағалейкум. Сіз осы үйде тұрасыз ба? Сол кеште Есенгелді Сарымсақовтың үйі ортасына түсіп, қабырғалары сөгіліпті. Қазір арнайы комиссияның шешіміне орай құрылысшылар жөндеуге кірісіп те кеткен. Отағасы толығымен құлап қалған қора-қопсыны ешкім елемейтініне наразы. ЕСЕНГЕЛДІ САРЫМСАҚОВ, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мынау сарайды өздерің істейсіңдер деп жатыр. Мал қорамызды. Барып көріңдер қандай болып жатқанын жағдайдың. Енді ол біздің кесірімізден болған жоқ қой. Қалай оны істемейді?». Облыс әкімі «техникалық төлқұжатта тіркелмеген нысан болса жөндей алмаймыз» деп отыр. Бердібек Сапарбаев ресми құжаты бар үй-жайдың бәрін қалпына келтіреміз деді. БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «2 айдың ішінде оның бәрін қалпына келтіреміз. Қысқа дейін тұрғындар үйлеріне кіруі керек. Ал, анау жеңіл зақым келген 74 үйді жақында бітіреміз». https://youtu.be/5gpXKnf__5Y?list=PL_blKZJ1z0cCjIX34-SJRAdE1RZHtm9z8&t=191

Жүктелуде...