Тағы да мектепте бомба бар деген жалған ақпарат тарады

Тағы да мектепте бомба бар деген жалған ақпарат тарады

ашық дереккөзі

Ақтөбенің мектептері таңалегеуімде тағы дүрлікті. Таңғы сағат жеті жарымда бес мектептің электронды почтасына хат келген. Таңертең звондаған дейді, бірнәрсе заложена деп: Балаларды қайтарып алып бара жатырмыз. Кеше де солай болды, бүгін де солай болды. Онда тағы да ғимараттарға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат болған. Барлық құтқару қызметтері аяғынан тік тұрып, оқиға орнын тексеруге кірісті. Ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Полицейлер екі күн қатарынан елді дүрліктіріп, жалған хабарлама жолдап жүрген кім екенін әлі іздестіріп жатыр. Естеріңізге салсақ, дәл кеше, Білім күні қаладағы 6 мектепте жарылғыш зат қойылған деген хабарлама түскен еді. Облыстық білім басқармасындағылар, қауіпті затты іздеу жұмыстары аяқталған соң, сабақ жалғасты деп отыр. ЖОЛДАС БАТЫРХАН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Оқу процесін бір сағатқа тоқтатуға мәжбүр болдық. Бір сағаттың көлемінде полиция департаменті барлық ғимараттарды тексерді. Бұл ақапарттың тағы да жалған екені анықталды. Алты мектепте бірінші ауысымда 3400 бала оқу процесін бастады. Оқу қалыпты жағдайда жүріп жатыр». https://youtu.be/U6ZHh3Bj610?t=240

Жүктелуде...