Ақтөбедегі қанды ғимарат

Ақтөбедегі қанды ғимарат

ашық дереккөзі

Ақтөбеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында апат болды. Ғимараттың төбесі опырылып ортасына түскен. Сол сәтте жұмыста болған қызметкерлердің біреуі терезеден қашып шықса, кейбірі жарақат алған. Ал 33 жастағы қызметкер есін жимастан жансақтау бөлімінде мерт болды. Апат неден болған? Жөндеу жұмыстары неге қызметкерлер ғимаратта отырған сәтте жүргізілген? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды, newsroom.kz. порталы. АҚБАЯН СҰЛТАНМҰРАТОВА, ТІЛШІ: "Ғимараттың есігі құлыптаулы, маңына адам жолатпайды. Өйткені, құтқарушылар әлі де төбенің құлау қаупі бар деп отыр. Белгілісі, төтенше жағдай кеше 19-25 кеткенде болған. Жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан ғимаратта бес адам болған". Бұл апаттан кейін түсірілген суреттер. Опырылып ортасына түскен ғимараттың шатырында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. "Я понимаю,что вам все хочется сейчас осветить, написать, новость, все интересное. Все, больше никаких комментариев!". Қордың аймақтағы басшысы оқиғаның басы-қасында болдым дегенімен, ақпарат беруден бас тартты. Сараптама жүргізетін мамандарды күтетінін айтты. Ғимаратта 4 мекеме отырған. Ішке тек қызметкерлерді құжаттарын алып кетуге ғана кіргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 200 шаршы метр алаң бүлінген. АЙБАТ ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Оқиға орнына келгенде құрылысшылар жұмыс жасап жатқаны анықталды. Сол құрылысшылардың айтуы негізінде, екінші қабатқа жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс материалдарын жоғарыға шығарған. Сол себептен, шатыр көтере алмай, құлауы негіз болған деп есептеледі". Екі қабатты ғимараттың тұрғызылған уақытын құтқарушылар нақты айта алмады. Белгілісі апат кезінде іште болған бес қызметкердің екеуі дәрігерлер көмегіне жүгінген. Жарақаты жеңілін үйіне қайтарған. Ал ауыр халдегі қызметкер бүгін мерт болды. 33 жастағы қызметкер «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорында» жасаған. Дәрігерлер оны плита басып қалғанын айтты. Қазір еңбек инспекциясы арнайы комисия құрып, апаттың мән жайын анықтап жатыр. ТАЛҒАТ ЕСҚАРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «1988 жылғы Мырзагельдина Ләззат деген Таңжарықовна, сағат 13-00-де қайтыс болды. Ол не себептенол арада болды, қандай жұмыстар жүріп жатты, бәрі жан жақты қаралады». Төтенше жағдайлар департаменті кеңседегі оқыс жағдайға байланысты жиналған материалдың барлығын полиция бөлімін жолдаған. Дерекке қатысты қылмыстық кодекстің абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қағидаларын бұзу бабы бойынша іс қозғалған. https://www.youtube.com/watch?v=d2cJxGrrTh8

Жүктелуде...