Абайдағы зорланған бала оқиғасы туралы шу шықты

Абайдағы зорланған бала оқиғасы туралы шу шықты

ашық дереккөзі

Абайдағы зорланған балаға қатысты дау қайтадан ушықты басылымының тілшілері 7 жасында қатарластарынан жәбір көрген бала әлі сол елді мекенде тұрып жатқанын, әжесі осы уақытқа дейін көшеге шығуға қорқатынын жазып, мақала шығарды. Ақпарат құралының тілшілері әжесі мен немересінің әлі күнге кішкентай үйде тұрып жатыр, баланың Алматыға көшкені жалған дейді. Бірақ, қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин көп ұзамай жауап берді. Қоғам белсендісінің сөзінше, жоғарыда келтірілген мәліметтер түгел өтірік. Психологиялық соққы алған бала сот шешімі шыққаннан кейін анасымен біргі оңтүстік шаһарға қоныс аударыпты. Оның денсаулығы жақсы, өз қатарластарымен бірге мектепте білім алып жүр екен. Ал, Абай ауылына жазғы каникул уақытында қыдырып барғаны белгілі болды. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz. порталы хабарлайды. АРУЖАН САИН, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:"Анасы мен баласы осы уақытқа дейін Алматы қаласында болды. Біз бұл жайлы білеміз. Себебі, олар қордың еріктілері тегін берген пәтерде тұрып жатыр. Ешқайда көшіп кеткен жоқ. Зардап шеккен бала кеше бірінші қоңырауға барды. Біздің қор оның психологқа қаралған емін де төлеп берді. Бүгін ғана анасымен сөйлестім, келіншек әжесінің сұхбат бергенін білмейді екен. Жазда Абайға қыдырып барғандарын айтты. Қазір жағдайы жақсы". Айта кетейік, 2018 жылдың наурыз айныда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Абай ауылында 7 жастағы баланы көрші мектептің жоғары сынып оқушылары бірнеше айдан бері қорқытып, зорлық-зомбылық әрекетін жасап келгені белгілі болды. Кейіннен қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы бозбала 7 жылға сотталды. 14 жастағы екінші бала кәмелетке толмаған себепті қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, тек арнайы есепке алынған еді. Ал, 7 жастағы бала жөн інде материал дайындаған тілшілер өзін әлдебіреулер қорқытып-үркітіп жүргенін хабарлады. https://youtu.be/U6ZHh3Bj610?t=353

Жүктелуде...