Жаңалықтар

Бір тәулікте Сovid-19-дың 64 жағдайы тіркелді

Түркістан облысында бір тәуліккте 64 адамнан инфекция анықталды, деп хабарлайды, newsroom.kz. тілшісі. Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы вакцинаны өңірде 731 764 адам салдырған. Ал, екінші компонентпен 557 188 адам қабылдаған. Сондай-ақ, облыс бойынша 128 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 141-ге жетті. Жалпы 1-ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 736 640 дозасы жеткізілген. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 64 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,51 % құрайды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 600 орын бар, 2189 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1411 науқас емделуде. Ал коронавирустық инфекциямен 199 науқас ем қабылдап жатыр. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 960 017 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1480 адам тексерілді.