Түркістандық спортшы әлем чемпионы атанды

Түркістандық спортшы әлем чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Түркістандық спортшы Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды newsroom.kz.порталы. Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті. Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Ел намысын қорғаған түркістандық Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. Айта кетелік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.

Жүктелуде...