Түркістан: Ауыл ішіндегі жолдар асфальтталып жатыр

Түркістан: Ауыл ішіндегі жолдар асфальтталып жатыр

ашық дереккөзі

Келес ауданында ауылдың ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды newsroom.kz. Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата елді мекеніндегі К.Қалдыбеков көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысты жүргізіп жатқан мердегер мекеме «Сулейман-2030» ЖШС кестеге сәйкес, 2021 жылдың тамыз айында құрылысты бастап, қыркүйек айының соңына аяқтауды жоспарлаған. Қазіргі таңда құрылыс басында 20 жұмысшы жолдың негіздемесін дайындау жұмыстарын бастап, жол жамылғысын (асфальт) төсеу басталып кетті. Сондай-ақ, Ұшқын ауылдық округі Ұшқын елді мекеніндегі М.Әуезов (1,350 км) көшесіне де орта жол жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда жолдың негіздемесін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жүктелуде...