Жаңалықтар

Ата-анасы екпе алмаса да, бала мектепке бара алады

Оқушының ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина алмаса, бала мектепке бара ала ма? Білім және ғылым министрі түйткілді мәселеге байланысты өз пікірін білдірді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, әке-шешесі екпе салдырмаса да, бала мектепке барып оқи алады,деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды. Себебі бұл  оның құқығы. Ал оны мұндай құқынан ешкім де айыра алмайды. Бірақ, білім беру барысында ата-аналардың статусы бақылауда болады. Егер мектепке келген баланың, университетке келген студенттің дене қызуы болса, ата-анасы ауырса, сол сыныптағы баланың індетті жұқтырғаны анықталса, ол бала 14 күн қашықтан оқу форматына ауыстырылады.   https://youtu.be/NcFsY2L_R84?t=189