Ауғаннан келгендердің тест нәтижесі қандай?

Ауғаннан келгендердің тест нәтижесі қандай?

ашық дереккөзі

Ауғанстаннан жеткізілген Қазақстан азаматары мен Біріккен ұлттар ұйымының қызметкерлері карантинде. Келген бетте барлығынан ПТР-тест алынып, ешқайсынан қауіпті індет анықталмаған. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді деп «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған NewsRoom.kz. порталы хабарлайды. Естеріңізге сала кетсек, Кабулдан Алматыға екі рейс келген болатын. Бірінші ұшақта 42 адам болған. Оның 25-і Қазақстан азаматы, 15 ересек адам болса, 10-ы бала. Сонымен қатар 15 Қырғыз азаматы болған. Екінші рейспен Біріккен Ұлттан ұйымының 141 қызметкерлері жеткізілді. Барлығы қаладағы қонақ үйлерге орналастырылып, 14 күнге оқшауланған https://youtu.be/7kjCQVZ9aR8

Жүктелуде...