Жаңалықтар

Орысша қашан? АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы қазақша үйреніп келіпті

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы болып Кэролайн Сэвидж ханым келіп жатыр екен. Бас консул Сэвидж ханым Қазақстанға келмей жатып, АҚШ-та жүріп, қазақ тілін үйреніп алған екен деп жазады Instagram әлеуметтік желісіндегі @shyndykkz парақшасы.  - Осы қызметіме дайындалу кезінде қазақ тілін аса қызығушылықпен оқыдым. Қазақ тілін ендігәрі Қазақстан халқымен байланысымызды тереңдетіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін қолдануға асықпын, - деп атап өтіпті Бас консул Сэвидж. Жалпы, еліміздегі елшіліктердің арасында АҚШ елшілігінің қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Сэвидж ханымның қазақ тілін үйреніп келгені де елге, мемлекетке деген ерекше құрметі деп білеміз. Бірақ Сэвидж ханым Қазақстанда өзімен қазақша сөйлесетін шенеунік таппай, қиналып қалады-ау деп және уайымдап отырмыз...деп жазады @shyndykkz парақшасы. Айта кететін жайт, бұл парақшаның Instagram әлеуметтік желісінде 1 млн 100 мың жазылушысы бар. Осы Кэролайн Сэвидж ханым орысша біле ме екен? Қазақстан Республикасының Конституциясының  7-бабында былай деп жазылған: 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

      2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

      3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.